Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Вариант 3

Конспект

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Өсімдік атаулы Ақ бидайдың астындағы суды тартып алады. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай береді. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар Адам тап болады. Бидай көзінің жасын төгіл тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отайды. Олардың тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. Бұлаққа барып, тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай суға қанып, құлпырып сала береді.
Адам да жин-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бәрін Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Кeлер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, сөйтіп, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.



Вопросы
  1. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырып:

  2. Ақ бидайдың өсуіне кедергі болған жағдай:

  3. Ақ бидайға көмек көрсеткен:

  4. Адамның тапқан пайдасы:

  5. «Тыңдамау» мағынасында қолданылған тұрақты тіркес

Сообщить об ошибке