
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Вариант 2
Мен екі рет ауыр жарақаттанған кісімін. Бірақ екеуінде де саптан шықпадым. 1942 жылы полк командирі кезінде омыртқама оқ тиді. Санбатқа жеткізгенше ес-түсімді білген жоқпын. Есімді жисам – етпетімнен жатыр екенмін. Бас жағымда дәрігер бірдеңе деп баж-бұж етіп тұр. Бақсам – сөзі мен туралы екен: «Бұл кісіні дереу госпитальға жіберу керек»,-деп безек қағады.
– Сонша не боп қапты?- дедім дәрігерге.
– Омыртқаңызда оқ қадалып тұр, жолдас капитан,- деді дәрігер одан сайын дегбірі кетіп. – Сізді дереу госпитальға жөнелтуіміз керек.
Тістеніп, әрең дегенде қолымды жеткізіп, арқамды сипасам, расында да оқ бар екен.
– Скальпелің бар ма?-дедім дәрігерге.
– Жоқ.
– Өткір бәкің бар ма?
– Жоқ.
– Ұстараның жүзі бар ма?
– Бар. Ендеше соны спиртпен шай да, оқ тұрған жердің етін кес!
– Олай етуге болмайды, жолдас капитан...
– Болады! Бұйырамын! Орындамасаң – атамын!- деп, етпеттеп жатқан күйімде кабураның аузын ағыта бастадым. «Батырға да жан керек» деген емес пе, дәрігер дереу айтқанымды істеуге кірісті.
«Ақиқат пен аңыз» романынан
-
Дәрігердің мазасыздану себебі:
-
Мәтіндегі «мазасыздану» мағынасындағы тұрақты тіркес:
-
Оқты алуға көмектескен медициналық құрал:
-
Мақалдың қолданылу мақсаты:
-
Мәтіндегі есінен тану мағынасын білдіретін сөз тіркесі: