Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2-нұсқа

Конспект

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.
Көңілін көгертуге құл халықтың.

 

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!

 

Жаратқан малды Құдай не керекке –
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

 

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
 Есептен алданғандай болғандар көп, 
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.   

 

А.Байтұрсынов «Адамдық диқаншысы» өлеңі



Сұрақтар
  1. Өлеңдегі ұйқас түрі:

  2. Өлеңде көтерілген негізгі мәселе

  3. Үзіндідегі «қиындыққа көну, қорлық көру» мәнінде жұмсалған сөз тіркесі

  4. «Адамдық диқаншысы» метафорасының мәні

  5.  «Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

    Көлі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым». 

     

    Үзіндідегі фигура түрі:

Қате туралы хабарландыру