Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа

Конспект

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі.

      Шал Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді. Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына әлі де ештеңе іліккен жоқ. Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бұған бір бала серік болған еді. Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер үзіп, бұл шалды "жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ" десіп, балаға енді басқа қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып, серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды. Шалдың жағаға күнде құр алақан оралғанын көргенде, бала оны қатты аяп, жаны ашитын; балықшының багор, гарпун секілді құрал-саймандарын, қайық үстіне құратын желкенін қарияның үйіне көтерісіп жеткізіп салу үшін ылғи алдынан шығатын-ды. Қарттың қайығының үстінде шиыршықталып жататын, он бойына кенеп жамау жапсырылған қырық сұрақ желкен — бейне тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып елестейтін көзге.
      Шал — титықтаған арық кісі еді; маңдайы, мойыны арса-арса; бетіне күрең-қоңыр дақтар түсіп, өңі шұбар тартқан, мұндай дақтар ыстық жақтардағы теңіз бетіне түскен күн сәулесінің адамның өңіне шағылысуынан пайда болады.
      Шалдың бетін басқан таңдақ мойынға дейін жайылып тараған; екі қолы тілім-тілім, бұл -қармаққа ілінген ірі балықты судан сүйреп шығарған кездерінде алақанды тіліп кеткен қармақбаудың іздері. Жақында түскен жараның орны емес, талайдан қаңсып жатқан қуаң жердің жарығындай ескі жарықтар.
      Шалдың өңі де, киімі де — бәрі де тозған, көнерген, тек көзінде ғана ерекше бір нұр бар, теңіз суы түстес жанары қайсар адамның қалпын танытады.
— Сантьяго, - деді оған бала, екеуі қайық тұратын жиектен жағаға шығып келе жатқанда, — теңізден балық аулауға қайтадан сенімен бірге шығуыма болады. Аз-маз ақша тауып алдық. Шал баланы балық аулауға баулыған адам еді, бала оны жақсы көретін-ді.
— Жоқ, сен құтты қайыққа кез болдың. Сонда қал, - деді шал.
— Есіңде ме, бірде балық аулауға өзің күнде шықсаң да қармағыңа сексен жеті күн қатарынан еш нәрсе іліктіре алмаған ең ғой, артынан мен саған серік боп, екеуміз бірге шыққанда, үш апта бойы күн сайын бір-бір ірі жайынды әкелгенбіз де отырғанбыз.
— Есімде, - деді шал. - Менің қасымнан маған сенбегендіктен кетпегеніңді білемін.
— Әкем ғой мені қыстаған, ал мен әлі баламын, бағынуға тиістімін.
— Түсінемін. Өйтпеске бола ма, - деді шал.
— Біздің жолымыз боларына әкем онша сеніңкіремейді.
— Иә, солай, - деді шал. - Ал, бізде сенім мол. Рас емес пе?
— Әрине. Террасқа барып сыра әперейін, ішесің бе? Құрал-жабдықты сосын апарармыз үйге.
— Мейлің, - деді шал. - Балықшы балықшыға қонақ кәде жасағысы кеп тұрса, бас тартпалық...
      Екеуі сыра ішетін жерге кеп жайғасып отырысты, балықшылардың біразы шалды келемеждеп күліп те жатты, қария бұған ренжіген жоқ. Кексе балықшылар шалға аянышпен қинала қарап қойып, бірақ сыр бермей, судың ағыны тұрасында, қармақты қаншалық тереңге апарып салғандары жайында, ауа райы жөнінде, теңізден көрген-баққандары хақында сыпайы ғана әңгімелесіп отырды. Бүгін жолы болып олжалы қайтқандар ұстаған марлиндерінің ішін жарып тазалап, бір-бір балықты қос сырыққа көлденең салып, сырықты екі жағынан екеулеп көтеріп, қоймаға тасып апарып жатты. Балық осы арадан рефрижераторға1 тиеліп, Гавана базарына жөнелтілетін.

Эрнест Хенмингуейдің «Шал мен теңіз» шығармасынан  үзінді



Сұрақтар
  1.  Шал мен бала не себепті бірге балық аулауға шықпай қалды? 

  2. Шалға бала қалай көмектесетін? 

  3. Шалдың қайығының желкені қандай күйде еді? 

  4. Шал балық аулауға жалғыз баруды неге жалғастыра берді? 

  5. Оқиғалардың дұрыс ретін анықта

    1. Бала шалға қайықтағы құрал-саймандарын тасуға көмектесті. 
    2. Шал теңізге күн сайын шығып жүрсе де, 84 күн бойы ештеңе ұстай алмады.
    3. Баланың ата-анасы оны басқа қайыққа ауысуға мәжбүрледі. 
    4. Бала шалға теңізге қайтадан бірге шығуды ұсынды. 
    5. Балықшылар шалды мазақ етті, ал кейбіреулері оған аянышпен қарады. 
Қате туралы хабарландыру