iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Шерхан Мұртаза, Сайын Мұратбеков, Оралхан Бөкей прозасы
Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі, суреткер жазушы, публицист Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Шерхан Мұртазаның көркем прозадағы алғашқы туындылары – «Қыз бен бота» және «Белгісіз солдаттың баласы». Ш. Мұртазаның «41 жылғы келіншек», «Интернат наны», «Бір нәзік сәуле», «Сфинкстің сыры», «Алтын тікен», «Сол бір күз», «Жүрекке әжім түспейді», «Шекшек шырылдайды» әңгімелері мен «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан» повестері – қазақ әдебиетінің проза жанрына қосылған таңдаулы туындылар болып табылады. Пейзаж арқылы кейіпкер харектерін ашу – «Сол бір күз», «Сфинкстің сыры» әңгімелерінің негізгі өзегі. Жазушы әңгімелеріне арқау болған тақырыптың бірі – Ұлы Отан соғысының зардабы «Жүз жылдық жара» әңгімесінің өзегі болған. Қаламгер жүз жылдық тарихы бар «Бахтияр баба бауына» шабылған балта халық тарихына шабылғандай әсерлі де әділ ой түйген.
Ш. Мұртаза эпикалық жанрдағы алғашқы көлемді туындысы – өндірісте еңбек еткен жұмысшылар тағдырын арқау еткен, бүгінгі күннің шындығын бейнелеген «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері болған. Ш. Мұртазаның кең құлашты эпикалық шығармасы – мемлекет әрі қоғам қайраткері, тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін, ХХ ғасыр басындағы өтпелі кезеңнің қасіретті де тартысты шындығын бейнелеген «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы. Жазушының Т. Рысқұловтың балалық шағының бір сәтін суреттеген шығармасы «Тұтқын бала» деп аталады. Бала кезінен түрменің азабын тартқан Тұрардың өз тегін айтуға да болмайтын кезеңді басынан кешіріп, «Қырғызбаев» деген фамилиямен мектепке тіркелуі, осы ой көкірегіне түйін болған Тұрардың алғашқы азаматтық ісі әңгімеде тартымды суреттелген. Ш. Мұртазаның екі кітаптан тұратын «Ай мен Айша» роман-эссесі жазушының балалық шағы, басынан кешірген тағдыры туралы жазылған өмірбаяндық романға жатады. Жазушы өзінің әдеби тұлғасын Барсхан бейнесінде ала отырып, Барсхан сияқты мыңдаған адамның өмірін арқау еткен. Шығармадағы Айша ананың қасіреті мен қайраты романның өзегіне айналған. Роман 1997 жылы оқырмандар тарапынан «үздік роман» деген атаққа ие болған.
Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Есек саудасы», «Домалақ ана», т.б. драмалық шығармалары бар. Ш. Мұртаза аударма саласында да қомақты еңбек етіп, Ш. Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида», Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы», Э. Эрискиннің «Марыкчан балалары», Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шерхан Мұртаза – әр жанрдағы шығармаларымен қазақ әдебиетін байытқан көрнекті қаламгер, шебер суреткер.
Қазақ әдебиетіндегі 60-90 жылдардағы көрнекті қалам иесі Сайын Мұратбеков 1936 жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген. С. Мұратбековтің «Жусан иісі», «Ауыл оты», «Көкорай», «Жабайы алма», «Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Қылау», «Кәментоғай» деген шығармалары бар. С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар өмірі суреттелген. Ешкіөлмес тауының етегінде отырған шағын ауылға келген ертегіші бала Аян, оның ертегі айту шеберлігі, жалғыз сүйеніші әжесінен айырылған Аянның Бапай қарт үйіне көшіп келуі, ауыр тағдыры, ел ішіндегі емшілік қасиет иесі сынықшы Асылбек қарт, мұғалім Иманжанов туралы жан-жақты әңгімеленген.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі біртуар дарынды тұлға, өзі туған өр Алтайдай асқақ ойлы қаламгер Оралхан Бөкей 1943 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат», «Қамшыгер», «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Апамның астауы», «Қайдасың, қасқа құлыным?». «Ән салады шағылдар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Кербұғы», «Кісікиік», «Атау-кере» атты әңгімелері мен повестері, «Өз отыңды өшірме», «Құлыным менің», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын», «Теке-тірес» деген драмалық шығармалары бар.
О. Бөкейдің проза жанрындағы тұңғыш туындысы – 1970 жылы жазылған «Қамшыгер» әңгімесі – жазушының өзіндік стилін, ойшылдығы мен сыршылдығын танытқан шығарма. Жазушының «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі – балалар өмірінің бір қырын танытқан, балалардың таным-түсінігіне арналған көркем туынды. Әңгіме кейіпкерлері:
Тортай – Салықсалған аулының бұзауын бағатын, әке-шешеден ерте айырылған, ертегіші жетім бала.
Ораш – оқиғаны баяндаушы, Салықсалған ауылының ферма меңгерушісінің баласы.
О. Бөкейдің «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Өз отыңды өшірме» шығармалары орыс тілінде жарық көрген. Жазушының көптеген шығармалары шетел халықтарының тіліне аударылған. «Кісікиік», «Сайтан көпір» шығармалары бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылған.
Оралхан Бөкейдің қаламгерлік шеберлігін партизан-жазушы Қ. Қайсенов: «Оралхан Алтайдың асқақ, оқ жетпес шыңдарындай биік, өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Шығыстан жарқырып шыққан жұлдыз еді», – деп бағалаған. Мұзтаудың мұзбалағы, өр Алтайдың кербұғысы О. Бөкей 1993 жылы елу жасында қайтыс болған.
-
Ш. Мұртазаның Мемлекеттік сыйлық алған шығармасын көрсетіңіз.
-
Ш. Мұртазаның прозадағы алғашқы шығармасын табыңыз.
-
Ш. Мұртазаның әңгімесін көрсетіңіз.
-
Ш. Мұртазаның өз тағдыры туралы шығармасын белгілеңіз.
-
Ш. Мұртазаның шығармасына арқау болған тарихи тұлғаны көрсетіңіз.
-
Алыстағы Африка табиғаты туралы жазылған Ш. Мұртазаның шығармасын белгілеңіз.
-
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасы неше кітаптан тұратынын табыңыз.
-
Ш. Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесінде қандай бау туралы айтылғанын белгілеңіз.
-
Ш. Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесінде қай кезеңдегі оқиға сөз болғанын көрсетіңіз.
-
Ш. Мұртазаның Тұрар Рысқұлов туралы шығармасын көрсетіңіз.
-
Ш. Мұртазаның бала Тұрардың түрмедегі өмірі туралы шығармасы қалай аталатынын белгілеңіз.
-
Ш. Мұртазаның кейіпкері бала Тұрар мектепке қандай фамилиямен қабылданғанын табыңыз.
-
С. Мұратбековтің әңгімесін көрсетіңіз.
-
С. Мұратбековтің туған жерін белгілеңіз.
-
С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі ертегіші баланы көрсетіңіз.
-
Оқиғасы «Ешкіөлмес» тауының етегінде өтетін С. Мұратбековтің әңгімесін көрсетіңіз.
-
С. Мұратбековтің кейіпкері Аян әжесі өлген соң кімнің қолын көшкенін көрсетіңіз.
-
С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі мұғалімді белгілеңіз.
-
С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі сынықшының атын табыңыз.
-
О. Бөкей туған өлкені көрсетіңіз.
-
О. Бөкейдің әңгімесін көрсетіңіз.
-
О. Бөкейдің пьесасын белгілеңіз.
-
О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің оқиғасы өткен жерді табыңыз.
-
О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін баяндайтын баланың есімін көрсетіңіз.
-
О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің кейіпкері Ораштың әкесі кім болып жұмыс істегенін көрсетіңіз.
-
«Қар қызы», «Өз отыңды өшірме», «Өліара» атты шығармаларды жазған жазушыны табыңыз.
-
Ш. Мұртазаның Т. Рысқұлов туралы драмалық туындысын көрсетіңіз.
-
Оралхан Бөкейдің шығармасын табыңыз.
-
Ш. Мұртазаның романын табыңыз.
-
О. Бөкейдің «Қар қызы» шығармасында суреттелген табиғат бейнесі (-лері)
-
Үзіндіде кейіпкерге тән қандай қасиеттер сипатталған?
...Бүкіл ауыл-аймақ шұлық, қолғап, жейде, шәлі тоқытып тыным бермейтін. Өмірде кісінің көңілін қалдырып көрмеген ол үй шаруасына да қарамай, елдің ісімен шұғылданып отырушы еді.
...Осындай жападан-жалғыз тоқыма тоқыған оңаша сәтінде, әлдебір әдемі де мұңлы әуенді ыңылдап, ауыр ойға берілер еді. Қолындағы жіпке көзінің жасы сырт-сырт тамып, қай-қайдағысы есіне түсер еді.
-
Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесіндегі Тұрарды жазалаушы мен құтқарушы
-
Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» трагедиясындағы Тұрар Рысқұловтың Сталинге айтқан сөздері