Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

1-нұсқа

Конспект

Шашты

  1. Көбі уыздай бала қуғыннан құтылып кеткенінен гөрі керемет тұлпардың  көз алдында ұрланғанына іштері удай ашыған. Тек бірен-саран долы дұшпан шабондоз баланы ұстаса, итше тепкілеп, ителгі теуіп құлатқан қаздай жүнше түтер еді. Қиқуласқан көп ішінде әбден қаны қайнаған бір өлермені бар еді. Құлан қағынан жерісе, су таба алмай, шөлде өлер. Тоқсан тоғыз ер түрікпен қалжырап, ат басын бұрып, кері қайтты. Соңғы қуғыншы шөлде адасып өлудің аз алды, запы болып, еліне түтігіп оралған.

  2. Кенжебек кіндік қаны тамған қыпшақ ауылына жарты күншілік жер қалғанда, жолда тауып алған найзасына ту көтерді. Кездігімен теке тұлпардың жал-құйрығынан бір тұтамын кесіп алып қыл шашақ ту жасап алды. Еліне ту көтеріп кірді.

  3. ...Ол сүйікті тұлпарының мойнына меншіктеп, қос әліп қыпшақ таңба басты. Көкейінде жылқышы ата жарықшақсыз айтқан: «Бұл түрікпенбоз Тәңірі қалауымен енді қыпшақбоз болады» - деген дуалы сөзі түсті. ... Ерторының немересі түрікпеннен аман келтірген қас тұлпар Қыпшақбоз қаза жетіп өлгенде жігіт ағасы болған Шашты жоқтау айтқызып, шиге орап кебіндеп көмді. Бәйбіше, тоқалы бет жыртып, дауыс салып жылағаны, Қыпшақбоздың қасиет, мәртебесін өлеңге қосып жоқтағаны естіген елдің көкірегінде тұнып қалды. 

Айгүл Кемелбаева



Сұрақтар
  1. "Ат басын бұрып" сөйлеміндегі пайдаланылған көркемдегіш құрал

  2. Бала мініп келген тұлпардың Шашты еліндегі аты

  3. Теке тұлпардың жал-құйрығынан қыл шашақ ту жасаған

  4. Мәтінде кездесетін тұрмыс-салт жыры

  5. Мәтінге сәйкес келетін нақыл сөз

Қате туралы хабарландыру