
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
2-нұсқа
«Қыз Жібек» жыры
Өзі он алты жасында-ай!
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гаухар тасындай.
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында.
Қыз Жібектің шаштары
Қоғалы көлдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң,
Сегіз бейіш ішінде
Хорлардың жаққан шырағы,
Дүр гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы.
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай...
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай.
-
Үзіндегі суреттеу әдісі
-
Тармақтағы көркемдегіш құрал
Бұхардың гаухар тасындай.
Танадай көзі жарқылдап,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ тауықтың қанындай.
Жазғы түскен сағымдай...
-
Берілген тармақтағы көркемдегіш құрал
Қыз Жібектің шаштары
Қоғалы көлдің құрағы,
-
Фигура түрі.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
-
Троп түрі. Оймақ ауыз, құмар көз