Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

9-нұсқа

Конспект

«Батыр Баян» поэмасы

Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,

Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді.

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,

Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!

Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,

Найзасын, сірә, жалған сермеп пе еді?

Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр

Баяндай «Алашым!» деп еңіреп пе еді?

Ол күнде аз қазақ пен  қалың қалмақ

Қыран мен қарақұстай алысқан шақ.

Баласы алты алаштың Абылайдың

Астында ақ туының табысқан шақ.

Қазақтың батырлары бәрі қыран,

Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.

Жауының бір жорықта бір сұлуын

Ер Баян алып қайтқан артына сап.

Мағжан Жұмабаев



Сұрақтар
  1. Үзіндіде суреттелген тарихи оқиға

  2. Қалмақты бейнелейтін символ

  3. Троп түрі. Сан қол

  4. Сұңқардайын, жолбарыстай, бөрідей, қарақұстай сөздеріндегі көркемдегіш құрал

  5. Үзіндіде кездесетін көнерген сөз

Қате туралы хабарландыру