Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-нұсқа

Конспект

Мен, мен едім, мен едім

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім,

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Луәзін көпке шақыртып,

Бассын кессем деп едім.

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Махамбет Өтемісұлы



Сұрақтар
  1. Өлеңдегі ақын арманы

  2. Фигура түрі.

    Мен, мен едім, мен едім,

    Мен Нарында жүргенде

  3. Тарлан бөрі едім сөйлеміндегі көркемдегіш құрал

  4. Өлеңдегі лириканың түрі

  5. Лирикалық кейіпкердің өлеңдегі сезімі

Қате туралы хабарландыру