
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-нұсқа
Бақытсыз Жамал
Қыс ортасы болған еді. Бір күні сол елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс-шілдехана болды. Атырабындағы ауылдың қыздары тамам келіп, Жамал да әзір болды. Ағаш үйдің кең бір бөлмесінде төрінен есігіне шейін халық толған еді. Бұл елде ойын-сауық әлі қалмаған, болғанға бір қыз, бір жігіттен қатар отырғызатын әдет бар еді. Жиылғандар бірі өлең айтып, екіншілері қалжыңдасып, ойын әлі қызып бастала қоймаған уақытта есіктен: «Кеш жарық!» - деп, бір-екі жігіт кіріп келді.
...Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді. ...Жасынан талапты болып, Қызылжар, Тройцкідегі медреселерде оқып жүріп және де частный учительден оқып та орысша азырақ сөйлеп, жазарлықтай шамасы бар еді. Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып молда болмай, соңғы уақыттарда оқуды да қойып, азырақ саудаға да айналысып еді.
...Ғали әуелден ноғайша киініп жүретін һәм Жамалды да ноғайша киіндіріп, шәлі бүркендірген соң, жолда көрген кісілер шүбәсіз ноғай деп біліп, бұлардан қауіптенбей, көңілдері шаттанып, оңашада ойындағы сөздерін сөйлесті.
Ғали, Жамал жолда төрт қонып, Қырыққұдықтағы нағашысы Бабас деген кісінің үйіне келіп жатты. Ғали: «Тұла бойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр», - деп тынши алмай, науқасының күштілігі көрініп, төсектен тұрмай жатты. ...Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сөнді. Жұма күні халық көп жиналып, жаназа оқып, Көкен моласы деген зиратқа апарып қойды. Жұман мырза Жамалды өзі келіп алуды намыс көрген соң, Байжанның қатыны алып кетті.
Міржақып Дулатов
-
Ғали мен Жамал алғаш рет кездескен мезгіл
-
Жамағаты ұл тапқанға мәжіліс-шілдехана жасаған кейіпкер
-
Сөйлемдегі суреттеу әдісі
...Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді.
-
Бабас Ғалидың ...
-
Үзіндіде айтылған салт-дәстүр