
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
7-нұсқа
Ұшқан ұя
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жегжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
-
О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!
-
Ақментай бабасындай батыр болсын!
-
Ақмолда батыр бабасындай мәрт болсын!
-
Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын!
-
Домалақ анамыз жар болсын! – десіпті. Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты.
...Әкем өз бетінше талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты. Содан өле-өлгенше өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп оқи беруші еді. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда тастамаған. Мұнда ол соққан сақина-білезікті салып жүрген көзі тірі кемпірлер бар.
...Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын, жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді.
Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын.
Бауыржан Момышұлы
-
Мәтінде көрініс тапқан салт-дәстүр
-
Автор әкесінің өле-өлгенше тастамаған өнері
-
Мәтіндегі өз бетінше оқып-тоқыған кейіпкер
-
Мәтін тақырыбына сәйкес келетін нақыл сөз
-
Сөйлемдегі суреттеу әдісі
Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын.