
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
22-нұсқа
1. Баймағамбет ақырын ілбіп, сай бойын қағып келе жатып, кейбір тоқтаған кезінде ерінің қасын ақырын тықылдатып, қағып қояды. Тау мен сай жым-жырт. Үп еткен жел лебі жоқ. Дүние демін ішіне тартып, Қарашолақтың тағы бір қимылын тынып күтіп тұрғандай. Тұрғанбай биік жотадан, өзге екі бүркітші кеткен Қырғыз шатының бас жағына көз тастап еді. Алыс бір жотаның басында боз атты бүркітші – Шәкенің томаға тартып тұрғанын болжады. Одан арғы бір тұрғыда көрінер-көрінбес боп, кішкентай бір қара боп Смағұл тұрғыда тұрған сияқты.
2. Осы кезде Баймағамбет тағы да Қарашолақтың құлағына сіңген өткір жіңішке үнімен қысқа ғана «кеу» деп қалды. Қарашолақ тағы кетті. Бұл жолғы ұшуы жаңағыдай емес. Қайтадан таңертеңгі, алғашқы кетісі сияқты. Салқындау қанатпен жай қағынып, сылбыр ұшқандай. Бірақ түлкі иек асты жақыннан, төменнен қашқан еді. Құс – аттылар үстінде аз көтеріліп, жай қалқи түсті де, ыра төмен құлап кетті. Дәл осы кезде оң жақта қоңыр биіктен құлдай ұшып, тағы бір бүркіт көрінді. Аяғында балақ бауы бар бөгде бүркіт қалпақтай қалқып, Баймағамбет алдындағы түлкіге қарай бет түзеп, құлдап келе жатыр. Тау басындағы аңшылар, сөзбен айтпаса да, «екі бүркіт ұстасып қалады-ау!» деп іштерінен қауіп иелесіп, қатып тұр.
3. Бөгде бүркіт түлкіге Қарашолақтан гөрі ұрымтал жерден шықты. Тура беттеп, мынадан бұрын барып қалды. Енді түлкіге сол бұрын түсетін орай бар еді. Бірақ ол құстың жолы жақын болғанмен, түлкіге ұшуы сондайлық ынталы болмады. Баяу, шабан кетіп барады. Қарашолақ болса, мынау бәсекелі жауын көре сала, ыра төмен, қос қанатты қыса қағып-қағып жіберіп, алғаш ұшқандағы керенаулықты ұмытты. Қатты асығып, ағып барып тас басында тұрған түлкіні бөтен бүркіттің алдынан шауып келе жатқан Баймағамбет атының алдына әкеліп, жұмарлай түсті. Бөтен бүркіт Қарашолақтың үстіне түсіп, жазым қыла ма деген Баймағамбет атынан домалай түсіп, үстерінде жайқап жүрген жат бүркітті қамшысымен жасқап жүр. Қарашолақ пен оның бауырындағы түлкісін өзінің бойымен де қорғаштайды. Бұл кезде ыра төмен Тұрғанбай, Абай, Ербол да асыға тебініп келе жатқан. Тау басынан ұсақ қар, ұсақ тасты төгілте домалатып, сырғанап келеді. Тұрғанбай бөгде бүркіт белден асып, құлай берген жерде-ақ:
– О, мынау, Қарашегір ғой! -деген-ді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді
-
Шығарма үзіндісіне лайық тақырып
-
Қарашолақтың иесі
-
Қарашолақтың ұшқанын сипаттап тұрған сөйлем
-
Бірінші азатжолдағы тіркес
боз атты бүркітші
-
Бірінші азатжолдағы кейіптеу тәсілі кездесетін сөйлем