
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
23-нұсқа
1. Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты, аттарын қансорпа қылған қалпында, кешкі екінді кезінде Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына, кеп жетіп еді.
2. Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Жайлауға қарай Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы қоныпты. Бұның бәрі «Құнанбай ауылы» деп аталады. Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып жатқан сияқты. Жер ошақтардан шыққан түтіндері де біріне-бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды, үрген иттер, мал қайырған айғайлар, маңыраған қой, қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе жатқан қалың жылқының кісіней шапқан дүбірі, шаң-тозаңы болсын немесе оқта текте азынай кісінеп, үйірін іздеп шапқан, мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын – барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген сияқты.
3. Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың аулы. Осы ауылдың шеткі үйлерін сырттап, кешкі жайылымға, батыс жаққа қарай жаңа өріп бара жатқан бойдақ қойдың ішін аралап, ортадағы үлкен үйлерге қарай беттеп келе жатқан үш аттыны бұл ауыл тез таныды. Әсіресе қораның ортасында қосақталған қойды сауып отырған қатындар бұрын көрген екен. Етектерін белдеріне қайырып түріп алған, алжапқыш тартқан қалыптарымен, қолдарына шелектерін ұстасып, жүргіншілерге қарап:
– Қалашылар, қалашылар келеді!
– Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, – деді бір қартаң қатын.
– Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау. Телғара! Әпкеме айтайыншы, – деп тағы бір жас қатын, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
4. Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді. Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып қалған сары қызыл бәйбіше жаңағы дауыстарды түгел естіді. Өз үйінен шығарда, төрде отырған енесі Зерені де хабарландырып, сүйемелдеп ерте шықты. Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі – Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді
-
Мәтінде Абайдың тілеуін тілеп, дұғасын арнап отыратын адам
-
Мәтінде суреттеліп тұрған мезгіл
-
Екінді кезінде Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына , кеп жетіп еді.
Сөйлемдегі екінді мезгілінің мағынасы
-
Көлқайнардағы ауылдардың ортақ атауы
-
«Ат тергеу» яғни, ат қою дәстүрі бар азатжол(-дар)