Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

21- нұсқа

Конспект

I. Марқакөлдің шыныдай тұнық суы да, көл жиегіндегі үйірім-үйірім ауыл да, пырылдап, кісінеп, оқыранып, өріске тартып бара жатқан жылқы да, жылқышының қызыл ала тысты тымағы да, анау қозы алып жүрген қайқы төс келіншектің жасыл көйлегі де, аттың жалы да, жеңгесінің басындағы күлді-бадам орамалы да – батар күннің сарғылтым сәулесіне шомылып, жер-дүние сары көзілдірікпен қарағандай жымыңдап, саңғырап тұрғанда Ақбілек туып-өскен ауылына жетті. Ауылда иттер шулайды: қотанда қой маңырайды. Аспанда торғай шырылдайды. Қырыңдап ұшқан құс. Сары ала керенаулап мыңқылдайды. Енесін іздеп, ауылда лақ безілдейді. Суға бара жатқан үш жас қыз:

«Сылдыр-сылдыр қамысқа сырғам түсті.

Сырласпаған жат елге апам түсті.

Апам үшін қабырғам қайысады, 

Қолымдағы қос жүзік майысады», – деп шырқап ән салады.

II. Ақбілектің алдынан шауып шыққан бала жолыға сала, тайының құйрығын шошайтып, ауылға қарай ызғытты.

Төлеген кейде жылына, кейде жыл ара еліне бір келіп кететін. «Келінді ала келіп, жатып кет» деп, ақсақал отау көтеріп берген. Төлегеннің келетінін естіген соң, ақсақал отауын оң жағына тіктіріп, күтініп отыр еді.

Тайлы бала ауылға шауып келіп:

– Ағатайымдар келе жатыр! Ақбілек те бар! – дегенде, ақсақал үйде отырып қалғып кеткен кісіше:

– Әһ! Не дейді? – деп басын жұлып алды.

III. Ақбілек баяғы кеткеннен үйіне қайтып келген жоқ еді. «Ақбілек оқып жүр» деп ақсақал естуші еді. Бірақ «Қыз оқып не болады?» деп, ішінен ұнатпаушы еді. Баяғыда баласы екені болмаса, Ақбілектен біржола күдер үзген еді. Оны көрермін деген ой да жоқ еді. Ақсақал енді қайтерін білмеді. Үйде отыра ма? Алдынан шыға ма? Қалай амандасады? Дым көрмегендей жымпиып отыра ма? Кешірім сұрай ма? Бұл бір шұғыл оқиға болды.

Сүйткенше болмады, қатын-қалаш шулап:

– Әне шықты! Төрт кісі! Жоқ, бесеу... екеуі әйел... Біреуі келін ғой!... – дескен даусына ақсақалдың бүйірі қызып, отыра алмады. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып салем берсін» деген мәтелді есіне алып, үйде отырсам, қуанбаған боп көрінермін деп, тысқа шықты.

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романынан үзінді



Сұрақтар
  1. Мәтінде есімі жиі аталатын кейіпкер

  2. Мәтіннің екінші бөлігінде Ақбілектің келе жатқанын естігендегі әкесінің сезімі

  3. Мәтіннің екінші бөлігіндегі оқиға

  4. Үзіндіде берілген өлең жолдарының 1 және 2-тармағындағы көркемдік тәсіл

  5. Сөйлемде қолданылған троп түрі

    Жер-дүние сары көзілдірікпен қарағандай жымыңдап, саңғырап тұрғанда

Қате туралы хабарландыру