Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

20-нұсқа

Конспект

Аққулар ұйықтағанда

Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің арасында.

Отырғандай «Жетімкөл» жағасында,

Аққу жатыр көзінің шарасында.

Аунап түсіп атынан, үйіне енді,

Есіне алып ерін де, баласын да.

Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана «Жетімкөл» жағасында.

Өлі менен тірінің арасында. 

Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..

«...Мына жатқан «Жетімкөл», мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Жоқ,

Мен емес...

Мен атпадым...

Кешіре гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»

Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,

Жиылған жұртқа қарап алақтады.

Мұқағали Мақатаев



Сұрақтар
  1. Тармақтағы дыбыс қайталаушылық. 

    Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,

    Өлі менен тірінің арасында.

  2. Фигура түрі. 

    Мен емес...

    Мен атпадым...

  3. Үзіндідегі паралеллизм

     

  4. Бірінші шумақтағы ұйқас түрі

  5. Мәтін тақырыбына сәйкес келетін нақыл сөз

Қате туралы хабарландыру