
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
19-нұсқа
Адамдық диқаншысы
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке –
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Ахмет Байтұрсынов
-
Өлеңдегі ұйқас түрі
-
Өлеңде көтерілген негізгі мәселе
-
Үзіндідегі «қиындыққа көну, қорлық көру» мәнінде жұмсалған сөз тіркесі
-
Үшінші шумақтың құрылымы
-
«Адамдық диқаншысы» метафорасының мәні