Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

18-нұсқа

Конспект

Өлең – өнер пернесі

Сыпырылсын жалған күлкі, маскалар!

Семсер ажал масканы емес,

Басты алар!

Ертең мынау көк теректер түбінде

Біз болмаймыз,

Табысады басқалар.

Кемеңгерлер,

Жайсаңдар мен қасқалар

Күні жетіп,

Топырағын жастанар

Ертең мынау дастарханның басында

Біз болмаймыз,

Отырады басқалар.

Ешкім де жоқ құқайыңнан жасқанар,

Кеудеңді сен қаға берме,

Масқара!

Ертең мынау өлең-жырдың басында

Біз болмаймыз,

Бағалайды басқалар!

Қадыр Мырзалиев 



Сұрақтар
  1. Өлеңдегі инверсия кездесетін тармақ

  2. Троп түрі. Семсер ажал

  3. Өлеңдегі дыбыс қайталаушылық

  4. Өлеңдегі тармақ түрі

  5. Қарамен жазылған тармақтағы троп түрі

    Кемеңгерлер,

    Жайсаңдар мен қасқалар

    Күні жетіп,

    Топырағын жастанар

    Ертең мынау дастарханның басында

    Біз болмаймыз,

    Отырады басқалар.

Қате туралы хабарландыру