
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
17-нұсқа
Абай жолы
Тобықты көп рулы ел болғанымен, барлық үлкен шеңберінің таразысы осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді. Әсіресе рубасы осы отырған Бөжей – қалың Жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел. Бетінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы, жортуылшы жігіт көп шықты. Шетінен сөзуар, сотқар Жігітек. Байсал да сондай мол ру – Көтібақтың тұрғысы. «Тоқпақ жалды торы» деп атағанда, үйірі қалың айғырдай, көптігінен атанған. Бұл, әсіресе мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын, көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша қысылып-қымтырыла қоймайтын ауылдар. Сүйіндік – осы ағайынды елдер ішінде ең азы Бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы – Борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар – сол Борсақ болатын.
Құнанбай болса – Ырғызбай руынан. Бұл – бас жағына келгенде Жігітектен де, Көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп келе жатқан ауылдар.
Туыс жағын алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен гөрі Құнанбайға Байсал жақын. Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде Құнанбайдың мықтап сүйенетіні сол Байсал елі – Көтібақ. Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес.
Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау. Ара ағайын тәрізді Көкше деген рудың атқамінері. Аз да болса пысық және шөре-шөреде жүргендіктен бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын.
Осы отырған рубасылардың мінезі, артта жүрген үлкен-кішілі атқамінер, ақсақал, қарасақалының бәріне де мінез, тәсіл бола жүреді.
Құнанбайдың қасындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады. Қазір Құнанбай алдында, жастан бергі дағдысы бойынша үндемей отырғанымен, бұл – ерен бүлік, сотқар адам. Құнанбайдың ұлықтығына бақ мысы болған Ырғызбайдың басы – осы.
Бүгін Бөжейлердің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы Майбасар.
Бұдан екі ай бұрын зықысы әбден шыққан ел Бөжейді салып, Құнанбайдан «Майбасарды орнынан түсір» деп тілеп еді.
Мұхтар Әуезов
-
Кеңірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел
-
Сойыл соғарға келгенде Құнанбайдың сүйенетін елі
-
Қарамен жазылған сөздердегі троп түрі.
"...Осы отырған рубасылардың мінезі, артта жүрген үлкен-кішілі атқамінер, ақсақал, қарасақалының бәріне де мінез, тәсіл бола жүреді."
-
Мал дүниеге шағын Бөкеншінің кісісі
-
Үзіндідегі Тоқпақ жалды торы атанған ел