iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
15-нұсқа
Көксерек
Жетілмей келе жатқан тісі ғана.
Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене береді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара көк, жотасы күдірейіп, ауыз-омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген, сүйірленген бір бітімі бар.
Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса – келеді. Онда жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған үлкендер:
– Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды, – дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
Осымен тағы біраз жүргенде бір күні Көксерек қара ала төбетке майдан берді. Қара ала төбеттің иесі Жұмаш бала жаз бойы Құрмашқа:
– Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады. Арашаламасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді, – дей беретін.
Бір күні түсте Құрмаш Көксерекке тысқа шығып ас құйып, жалатып тұрғанда, анадан шылапшынның салдырын естіген қара ала төбет үйдің көлеңкесінен шығып алып, адымды қойып еді.
Екпіндеген бетімен, жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп, қауып түсті.
Ақ қасқыр да айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті. Екеуінің бетіне шыдай алмай, жалт бере қашқан ала төбет құйрығы шошаңдап, борбаңдап бетке қарсы ұзай алмады. Ақ қасқыр бұрын жетіп жұлып кетті.
Мұхтар Әуезов
-
Көксеректе әлі жетіліп болмады.
-
Мәтіндегі суреттеу тәсілі
-
Күлдіреуіштей, оғындай сөздеріндегі көркемдегіш құрал
-
Көксерек Құрмаш шақырғанда ғана ... келеді.
-
Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрмеген мәтіндегі кейіпкер