Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

14-нұсқа

Конспект

Жастарға

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді, данышпан жан табалық.

Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,

Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,

Мен де анандай болсам деп таласарлық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.

Байладым белді бекем буайын деп,

Жүректі адалдықпен жуайын деп.

Талпынған мақсат іздеп махрұм қалмас

Адамдық ғылым жолын қуайын деп.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

 



Сұрақтар
  1. Өлеңде айтылған негізгі ой

  2. Ақын жиренуге үндейді

  3. Шәкәрімнің өлеңде үлгі тұтқан кейіпкері

  4. Өлеңдегі ұйқас түрі

  5. Соңғы шумаққа сәйкес келетін нақыл сөз

Қате туралы хабарландыру