Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

13-нұсқа

Конспект

Балаларыма өсиет

Балаларыма өсиет:

Қылмаңыздар кепиет,

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке,

Араз болсаң алты ауыз

Еліңе кірген əреке.

Талпынып салдым егінді,

Ішсін деп əркім тегінді,

Ақылың барың ұғарсың,

Ойың болса сезімді.

Тоқсанға жас келген соң,

Өлім жақын көрінді.

Бар арманым айтайын,

Батырларша жорықта

Өлмедім оқтан, қайтейін!

Ел аман болсын ылайым,

Тілегім берді бəрін де,

Ризамын, Құдайым!

Ақтамберді жырау



Сұрақтар
  1. Өлеңде көтерілген мәселе

  2. Бата-тілек, кеңестер айтылған тармақтар

  3. Жырдағы ұйқас түрі

  4. Жырдағы дыбыс қайталаушылық

  5. Жырға сәйкес нақыл сөз

Қате туралы хабарландыру