
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
16-нұсқа
-
Қарамен берілген сөздердің көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың қандай түріне жататынын анықтаңыз
Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.
-
Құрман мен Жамал М. Мақатаевтың қай поэмасының кейіпкерлері
-
Сырымның айтқан сөз(-дер)і бар жол(-дар)
-
«Қыз Жібек» жырының тарихи шындыққа сәйкес екендігіне дәлелдеме(-лер)
-
Абайдан кейін екінші Евгений Онегинді қазақ халқына жеткізген әнші-ақын
-
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін.
Сен сұлтансың – мен құлмын,
Сен сұңқарсың – мен құмын...
Шалкиіздің өлең жолдары кімге арналғанын көрсетіңіз
-
Жұмыр болсын сөздерің,
Күмпеленген қамырдай.
Бірікпей кетіп жүрмесін
Ыдырап кетер қарындай,– деген жолдарды Оразалы ақын кіммен айтысқанда айтқандығын табыңыз
-
Махмұт Қащқаридің мақал-мәтеліне жатпайтын нұсқа
-
Саяхатшы болуды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді мақсат еткен тұлға
-
Үзінді алынған Сәкеннің өлеңі
Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша қайғы кетіп...
-
«Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай» деген сөздердің авторы
-
Мұхтар Әуезовтің қорғансыздар тақырыбына жазған әңгімесі
-
Метафоралы қатар
-
«Оғызнама» жырына арқау болған оқиға
-
«Қыз Жібек» жырындағы Жібекке ғашық болған жандар
-
«Омарқұл мен Тәбияның» айтысы
-
«Бәкеге», «Жауқашарға» жырларының авторы
-
Ыстықкөл сапарының нәтижесінде жазған Ш. Уалихановтың еңбегі
-
Д. Исабековтің «Әпке» драмасынан алынған үзінді авторы
«Ал, Сұлтан, бұл кісі менің әпкем, өзім мамуля деп атап кеткем. Мына қыз қарындасым, оның қасындағы подружкасы. Ал мына екі қыз Камила және Светлана...».
-
«Ай астына аспанға
Құрды бақан қақтырып,
Алтын теңге арттырып,
Теңгені атып түсірген
... сұлу сол алар». Үзіндіде аты жасырынған сұлу
-
Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Есенге тән сипаттама
-
Әсет Найманбаевтың үйлену салтына байланысты шығармасы
-
Йасауидің ата-анасы
-
І. Жансүгіровтің табиғат лирикасына жататын өлең(-дер)і
-
М. Жұмабаевтың поэмалары
-
Сюжетсіз шығарма(-лар)
-
Ер Төстікке Шойынқұлақтың сырын ашып беретін кейіпкер(-лер)
-
Қамбар батырдың сөздері бар жол(-дар)
-
Шеңдестіру тәсілімен жасалған нұсқа(-лар)
-
Эпитеттер қатары