Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

15-нұсқа



Сұрақтар
  1. Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметіне» ұқсатқан

  2. С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы

  3. С. Сейфуллиннің «Інішегіме» өлеңінің тақырыбы

  4. Пушкин мен Лермонтовтай әдебиетте рухани жалғастық тапқан жандар

  5. Мұхтар Әуезов туралы француз жазушысы Бержеронның пікірі

  6. Берілген өлең шумағындағы фигураның түрі

    Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

    Қанатың қатты, мойның бос,

    Исатайдан айырылып,

    Жалғыздықпен болдым дос.

    Көл қорыған сен едің,

    Сен де айырылдың көліңнен.

    Ел қорыған мен едім,

    Мен де айырылдым елімнен.

  7. «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Ғашықтар» атты романдардың авторы

  8. Жүсіп Баласағұнға «Құтты білік» кітабы үшін берілген атақ

  9. «Қыз Жібек» жырында Төлеген мен Жібектің қосылуына өзінің ақыл-амалын шешендігін жұмсап, үлкен адамгершілік танытқан кейіпкер

  10. «Айналайын Ақ Жайық» өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау

  11. Ж. Молдағалиевтің бір-біріне демеу болған екі мүгедек музыканттың өмірі суреттелетін өлеңі

  12. «Қыз Жібек» жырында:

    Мен бір сұлу табайын,

    Патшалардың жалғызы.

    Аты Жібек сұрасаң,

    Кереметін көр, – деп айтқан кім екенін табыңыз

  13. Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі» толғауында Абылайдың батыр, билеріне берген бағасы

  14. М. Әуезовтің «Абай жолында» қолданылған «тартымды салқындық», «саналы оты бар», «тартымды сабыр» секілді бейнелі сөздері ненің әсерінен болғанын анықтаңыз

  15. «Күн сайын өз бейнетімен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады». Үзінді алынған Ы. Алтынсариннің шығармасы мен кейіпкері

  16. Әл-Фарабидің өлең (-дер)і

  17. С. Сейфуллиннің поэмасы (поэмалары)

  18. Шәкәрімнің ақындық өнер туралы жазған өлең(-дер)і

  19. Берілген өлең шумағындағы ұйқас түр(-лер)і

    Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

    Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

    Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

    Басқан жері сықырлап келіп қалды.

  20. Сараңдыққа байланысты (Шықбермес Шығайбайға) халық арасындағы мәтел(-дер)

  21. Екі ұғымның жақындығына, ұқсастығына қарай бір сөздің орнына екінш сөзді ауыстырып қолдану тәсіл(-дер)і

  22. Қ. Жұмаділов туындысы (туындылары)

  23. К. Бекхожин поэмасы (поэмалары)

  24. Бұқар жырау толғауларында «ерттеулі тұрған құр аттай» деп суреттелетін адам өмірінің кезеңі

  25. «Неке қияр», «Талтанбайдың тәртібі», «Майдан» атты комедия мен драманы жазған автор

  26. Рабғузидің «Қиса-сул-әнбие» кітабында баяндалады

  27. Қазтуған жыраудың өзін таныстыратын жыры

  28. Ертегі түр(-лер)і

  29. Б.Майлиннің «Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы санында жарияланған мақаласында айтылғандай оған дейінгі жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы

  30. Фантастикалық жанрдағы шығарма үлгісі(үлгілері)

Қате туралы хабарландыру