
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-нұсқа
-
"Қазақ солдаты" романынан алынған үзіндіде суреттелген үш боздақ кім екенін анықтаңыз.
... Екі ақсақ, бір желаяқ — үш боздақ, енді базарға қарай бет алдық. Тамақ табу үшін бұл балалар базар халқына әртүрлі өнер көрсетелі екен. Ән салады.
-
Латын тілінен алынған аллитерация терминінің мағынасы
-
Б. Майлиннің драмалық шығармасы
-
Мұхтар Әуезовтің замана шындығын көрсететін драмалар қатары
-
Шалкиіздің толғау (-лар)ы
-
Ыбырай мектептері ашылған орын(-дар)
-
Өлең түрінде жазылған ертегі
-
... Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап... –Үзінді алынған Абай өлеңі
-
Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының кейіпкері
-
Берілген үзіндіде Шалкиіз жыраудың қандай қасиеттерге үндегенін табыңыз
«Бір жақсымен дос болсаң,-
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,-
Күндердің күні болғанда
Бар ғаламға күлкі етер»
-
Дулат Бабатайұлының туып-өскен жерін жырға қосқан өлеңі
-
Ақбілектің өмірлік жары болған жігіт есімі
-
Бейімбет Майлин поэзиясындағы кейіпкер
-
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінің екінші атауы
-
Көне заманды жаңа жанрға енгізген М. Әуезовтің шығармасы
-
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл... А. Құнанбайұлының өлеңіне берілген үзіндідегі көркемдік тәсіл
-
«Менің жерім мына жер – сенің жерің,
Жарасып тұр сол жерге келулердің.
Осы алқапта сенің де малың жатыр,
Жайқалып тұр шабылмай егіндерің». Үзінді авторы
-
«... Алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды. Алмас қылыш арыстанды екі бөледі». Үзіндіде берілген батыр
-
«Жұмыртқадан жүн қырыққан», «Өзі тойса да көзі тоймайтын» аңыз кейіпкері
-
Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының ең көлемдісі
-
І. Жансүгіровке қатысты ақпараттардың реті
- Алматыдағы мұғалімдер курсын бітіреді.
- Реалистік көркем образдар арқылы бейнелеген «Құлагер» поэмасын жазды.
- «Сығанақ» деген тұңғыш кітабы басылып шықты
-
Ыбыра Алтынсариннің қоғамдағы әділетсіздікті қарапайым адамның монологі түрінде берген өлеңі
-
Шәкәрімнің А. С. Пушкиннен аударған еңбегі (еңбектері)
-
Көркемдегіш құрал түр(-лер)і
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек түсі кетпендей...
-
«Қамбар батыр» жырының негізге идеясы(идеялары)
-
«Аяз би» ертегісінде Барсакелмеске бару үшін Жаманға әйелі берген кеңес(-тер)
-
Көркемдегіш тәсілдің түр(-лер)і
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей
-
«Тұтқын бала» романында Тұрар жазған алғашқы сөз(-дер)
-
Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңіне берілген үзінді жол(-дар)ы
-
Дәрменсіздігімен көзге түскен кейіпкер Науша Мұхтар Әуезовтің қай пьесасының кейіпкері