Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

17-нұсқа



Сұрақтар
  1. «Оғыз қаған» жырының мазмұнына сай емес қатар

  2. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың...» деген түйін Ы.Алтынсариннің қай әңгімесінен алынғанын белгілеңіз

  3. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп алдына мақсат қойған ақын.

  4. «Абай жолында» «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбей, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» болып қорқытатын кейіпкер

  5. Ахмет Иасауи «Диуани хикмет» жинағында жауап іздеген сұрақтардың бірі

  6. ... сұлу қылса, тәңірім қылған,

    Атағымен, даңқымен дүние толған.

    Тоқсан байдың баласы тоқсан сері,

    Сыртынан көзі көрмей ғашық болған, – үзіндідегі көп нүктенің орнына лайықты кейіпкер

  7. М. Шахановтың жыр жинағы(жинақтары)

  8. «Қамбар батыр» жырындағы кездесетін ұйқас түр(-лер)і мен буын сан(дар)ы

  9. Қожанасыр туралы әңгімелердің сюжеттік ерекшелігі(ерекшеліктері)

  10. Абай оқыған қала

  11. Меккеге барып, қайтарда Стамбұл кітапханасынан білім алған ақын

  12. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың ата-анасы

  13. М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасындағы оқиғаның болған кезеңі

  14. Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасында Абдолла соңғы ақтық сөзін кімге арнағанын анықтаңыз

  15. Қ. Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Хафиз ақын қай қалаларды сүйген қызының жолында садақа деп айтқаны үшін Әмір Темірдің алдына барғанын анықтаңыз

  16. Қазақ әдебиетінде экология мәселесін көтерген роман

  17. «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман хакім» туралы әңгімелер кездесетін кітап

  18. Жиембет жырауға тән қатар

  19. XV ғасыр оқиғаларынан көп мағлұмат беріп, оқиғаның жылнамалық реті сақталғандықтан, роман-хроника деп атауға болатын І.Есенберлиннің романы

  20. «Қазақтар... Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңқаласың» деген пікірдің авторы

  21. «Еңлік – Кебек» поэмасынан алынған мына жолдардың авторы

    «Әдейі іздеп бармасаң, кез боларсың,

    Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.

    "Сақтыққа қорлық жүрмес" деген бар ғой,

    Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың».

  22. Жақып болысқа әйел үстіне баруға көнбегені үшін соққыға жығылып, құсадан өлген Ғазиза – М. Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері

  23. «Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

    Ойладым:  Оңдырған-ау, баққан халқын!»

    С. Торайғыровтан алынған үзінді астарында ненің негізделгендігін анықтаңыз

  24. «Қыз Жібек» жырындағы жер-су ат(-тар)ы

  25. Ақтамберді жырау толғаулары

  26. Қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген(-дер)

  27. Қасым Аманжоловтың майданға аттанып бара жатқан жолда туған лирикалық өлең(-дер)і

  28. Мағжан Жұмабаевтың әдеби сын саласындағы мақалалары

  29. Репрессияға ұшырып, қудаланған қаламгер(-лер)

  30. М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының кейіркер(-лер)і

Қате туралы хабарландыру