Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

22-нұсқа



Сұрақтар
  1. Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңінің мазмұны

  2. Шәкәрімнің әкесінің аты

  3. Абайдың жары Әйгерімнің сегіз қапат киіз үйінде М. Әуезовтің режиссер ретінде алғаш қойған пьесасы

  4. Салт айтысына жататындары

  5. «Күмбір де күмбір кісінетіп» толғауының авторы

  6. « – Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем...» – деп жазған ақын

  7. Ғ. Мүсіреповке қатысты мәліметтер

  8. Шоқан еңбектері жарық көрген қала

  9. С. Торыйғыровтың «Қамар сұлу» романының кейіпкер(-лер)і

  10. Шортанбай Қанайұлының өз шығармаларында ең көп көтерген тақырыбы

  11. «Ат темір үйді теуіп жіберіп талқан қылып, мойнынан асырып жібереді, бағып тұрған қалмақтарды қашырып жібереді. Оқыранып шауып келіп диуананың қойнына тұмсығын тығып, үш мәрте айналып тұра береді».

    Үзінді алынған жыр және сол жырдағы тұлпар

  12. Сәкеннің үлкен гуманистік идеяны уағыздайтын романтикалық махаббат туралы аңызы

  13. Қадыр Мырза Әлінің балаларға арналған кітабы (кітаптары)

  14. Рабғузи қиссасындағы Лұқман хакімнің қожаға асып берген қой мүшесі (мүшелері)

  15. Мәтел(-дер)

  16. «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеген» ақын

  17. Міржақып Дулатов Семейде атқарған қызметі

  18. А. Байтұрсынұлының Абайды бағалауы

  19. Абай Қарқаралыдан қайтқан соң, кімдердің қасында болғанын табыңыз

  20. «Күлтегін» жыры

  21. «Жасы жүзге жеткен, ыстық ішкен, сұйық тышқан, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан, дамбалы бұтына жабысқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, басы мүйіз, көйлегі киіз»...

    Берілген үзінді «Алпамыс батыр» жырындағы қай кейіпкердің портреті

  22. Төлеген Айбергеновтің қазақ өлеңінің құрылысына енгізген жаңалығы

  23. «Тозып кеткен ел жұртына тегіс жиып алатын,

    Тентегі мен телісін түзетіп жөнге салатын,

    Атасы мен анасын боз биенің сүтіне шомылдырып алатын» батыр

  24. Махамбеттің Бекетай құмында болған соғысты көрсететін өлеңі

  25. Шеңдестіру тәсілімен жасалған өлең жол(-дар)ы

  26. Әдебиеттану ғылымының саласы (салалары)

  27. М.Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» кітабына енген түркі мақал-мәтел(-дер)і

  28. Шәкәрімнің жастық шақ бейнесін, махаббат иірімдерін жырлаған өлеңдер қатары

  29. Поэзия түр(-лер)і

  30. Оған шейінгі көрген, оқыған әдебиеттің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады» деген пікірдің авторы

Қате туралы хабарландыру