Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-нұсқа



Сұрақтар
  1. «Біздің халық дүние сарайының бір түкпірінде ұйықтап қалған секілді» деп халқын оятуға тырысқан ақын
  2. Абай өмір сүрген кезең

  3. Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына қатысы жоқ қатар

  4. О. Бөкейдің «Жастар сыйлығын» иеленген драмалық шығармасы

  5. Х. Есенжановтың “Ақ Жайық” романының үш кітабына да ортақ кейіпкер

  6. Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,

    Тәуекел, күреске түс, бардағы жең ... - деген үзінді алынған С. Торайғыровтың өлеңі

  7. Шалкиіздің «Би Темірге бірінші толғауындағы» балама(-лар)

  8. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының басты кейіпкерінің сипатына сай қатар(-лар)

  9. Қасым Аманжоловтың соғыс алдында жазған лирикалық, өлең(-дер)і

  10. Шешендік сөздің мазмұндық түр(-лер)і

  11. Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты деректер

  12. О. Сүлейменовтің көне скиф дәуірін шынайы бейнелеген туындысы (туындылары)

  13. Шәкәрімнің адамдық болмысы, асқақ арманы айқын сезілетін ән(-дер)і

  14. Ғабит Мүсіреповтің аш-жалаңаш өмірді, ащы да ауыр шындықты көрсететін әңгімесі (әңгімелері)

  15. Дулат Исабековтің екі бөлімді драмасы

  16. «Сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын…» деп сипатталған шығарма кейіпкері

  17. Ақтамберді жырау

  18. «Құлагер» поэмасындағы Батыраштың жүйрігі

  19. От орнындай тұяқтан

    Оймақтайы қалыпты.

    Етектейін еріннің

    Екі елісі қалыпты («Ер Тарғын»), - деген жыр жолдарында кездесетін ұлғайтудың түрі

  20. Айтыста Құлмамбетті жеңгеннен кейін «Жетісудың жүйрік ақыны» атанған ақын

  21. «Құтты білік» кітабында бақыт бейнесінде сипатталған кейіпкер

  22. Елін сатқан атқамінерлер бейнесінің тұңғыш галлереясын жасаған ақын

  23. Жұбан Молдағалиевтің «Қыран дала», «Сел» поэмалары үшін алған марапаты

  24. Жұбайы да өзіне сай,

    Аты Айсұлу – ақ маралдай,

    Ақша беті айменен тең ...

    Сүйсіндірген қылығымен... – Үзінді алынған ертегі

  25. Б. Майлиннің драмасы туралы «Майдан» айналасында талай «Майдандар» туатынын кезінде көрегендікпен аңғарған жазушы

  26. Ғабит Мүсіреповтің Бейімбет Майлинмен бірге жазған шығармасы

  27. «Оның есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы» деп З. Қабдолов кім туралы айтты?

  28. Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбындағы толғауы

  29. Ә. Кекілбаевқа қатысты ақпараттардың дұрыс реті

    1. «Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді.
    2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірді.
    3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
  30. Мақал(-дар)

Қате туралы хабарландыру