Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

8-нұсқа



Сұрақтар
  1. Ш. Айтматовтың өзімен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылы

  2. Берілген үзінді алынған М. Мақатаев поэмасының атауы

    Өткен жылдар өшкен жоқ санада тұр,

    Талай сауыт тоздырды бала батыр.

  3. «Қобыланды батыр» жырындағы Тоқтарбайдың жайлаған жерлерінің атау(-лар)ы

  4. Доспамбеттің өзінің еліне, жеріне деген ыстық сезімін танытатын өлең(-дер)і

  5. «Қыз Жібек» жырында Жібектің Төлегеннің еліне аттанбақ болып мінген Хорен калмақтың тұлпары

  6. Ақанның тұлпары

  7. Абайдың «Он сегізінші сөзінен» алынған үзіндіде көп нүктенің орнына сәйкес тиісті сөз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, …, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

  8. Ахмет Байтұрсыновтың туған жері

  9. Міржақып Дулатұлының Петерборда «Серке» газетінің бірінші санында басылған өлеңі

  10. Ғ. Мүсіреповтің драмалық шығармасы

  11. «Басы қазандай (болып), жүрегім аттай тулап» мысалдарда қолданылған көркемдік тәсіл

  12. «Жайықта қызы сұлу артық ел бар,

    Ерінбей қыз іздесең, сен соған бар.

    Шетінен-ақ аласыз бір сұлуды

    Болмағын мұнда тұрып қатерің тар»,

    «Қыз Жібек» жырында бұл сөздерді саудагер шал кімге айтқан

  13. Ә.Тәжібаевтың ой мен сезім, лирика мен философия тоғысқан әйгілі жинағы

  14. Бұқар жырау толғауында айтылатын жас Абылай қызмет еткен төре

  15. Ж. Жабаевтың:

    «...Өлең мен сөзді дос қылып,

    Құрамын ақын санатын...» деп өзінің өмір мақсаты туралы жырлаған өлеңі

  16. ...Айырдан туған жампоз бар,

    Нарға жүгін салғысыз.

    Аруанадан туған мая бар

    Асылын айуан десең нанғысыз... — деген өлең жолдарындағы ұйқас түрі

  17. Ғабит Мүсіреповтің пьесасы (пьесалары)

  18. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Қамажайдың інілері

  19. Әсірелеу (гипербола) терминінің мағынасы

  20. Ал Тұрардың дәтерінде жеке әріптер емес, сөздер жазулы екен. Мұғалім дәптерді қолына алып, ... оқып шықты: «Аспара. Қызыл жебе. Көке» – Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынған үзіндіде «Қызыл жебе» деген сөздің мәні

  21. Абайдың аудармасы

  22. Ақмола, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында» ауыр азап шеккен қаламгер

  23. «Бақытсыз Жамал» шығармасының жанры

  24. Үзіндіде қолданылған көркемдеуші құрал

    Түркістан – екі дүние есігі ғой,

    Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

  25. Төлеген мен Шеге он бір көштен өтеді. Сол көш басындағы қыздардың сипат(-тар)ы

  26. «Сағындың ба, Қарақұм,

    Сарыарқадан жаңбыр болып келейін.

    Сағындың ба, Қарақұм,

    Жаңа туған ән-жыр болып келейін» шумағындағы айшықтаудың түрі

  27. Қ. Аманжоловтың соғыстың алдында жазған өлең(-дер)і

  28. Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романын қайта өңдеуінің себебі

  29. С. Сараидің төл туындысына тән нұсқа(-лар)

Қате туралы хабарландыру