
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
35-мәтін (2019 жыл)
1. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырған. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
2. Екі қазақ кездесе қалғаңда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейкүм!» деп бірінші болып салем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі амандық-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.
3. Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылықтың, кішіпейілділіктің бір көрінісі – үлкен кісінің есіміне -әке (-еке) сияқты жұрнақ қосып айту. Мәселен, Қазбек – Қазеке, Диқан – Дәке, Бауыржан – Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған: «Қазақтардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі – жасы үлкен кісілердің есіміне -еке (-әке) қосымшасын қосып айтуы»,
4. Жас келіндер күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарына «Шырақ», «Жарқын», «Айнаш», «Гүлім». «Бауырым» деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
5. Қазақтар аяғы ауыр әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан.
6. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы да ұстап кіруге болмайтын.
7. Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар – базарлық ала келетін. Ауыл аксақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.
8. Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған.
9. Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын дәстүрі болған. Саят кұру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған.
10. Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі – ажырасу көже. Оның мәні ауылдың бір тұрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-колаңдарымен қоштасу ретІнде «ажырасу аяқ» деп алатын тамақ беріп, сыйлық тарататын болған. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік тәрбиесіздік саналатын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көштің көлікті, барған жердегі қоныстарының құтты болғанын тілеп, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.
-
Мәтін мазмұны не туралы?
-
Болып өткен той дастарханынан үйде калғандарға ауыз тигізу
-
Жас келіннің күйеуінің жақын туыстарының атын атамауы
-
Үлкенге деген құрметтің көрінісі байқалатын кісі аты
-
Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқа
-
Қазақ дәстүрлерінің басты ұстанымына сай даналық ой
-
Тұжырымдардың дұрысы
1. Қазақтар жасы үлкен адам мен аяғы ауыр әйелдің алдын кеспейді
2. Базарлық – жақсы хабар үшін берілетін сый
3. «Ажырасу аяқ» – алыс сапарға аттанып бара жатқан адамға байланысты дәстүр
-
Мәтін бойынша әйел адамдарға қатысты әдет-ғұрып қай бөлімдерде айтылған?