
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
20-мәтін (2019 жыл)
1. Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен кұстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңкарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса касиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық кұратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.
2. Біріккен Араб Әмірлігі табиғат ресурстарына өте бай. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.
3. Араб Әмірлігінде сұнқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді.
4. – Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты кұстарға өте қолайлы, Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.
5. Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық денгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бакылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі ушін қажет.
-
Мәтіннің бірінші бөлімінің мақсаты
-
Мәтіннің реттілігі
1. Қаржылық көмек.
2. Мемлекеттік қолдау.
3. Жоба жетекшісінің көзқарасы.
4. Еркіндікке босату.
5. Экологиялық жоба.
-
Араб елдерінің бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсауының себебі
-
Дубайдағы экологиялық агенттік жобасының басты мақсаты
-
Мәтін не туралы?
-
Мәтінде кейіпкер көзқарасы берілген бөлім
-
Сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершін ұшыру себебі
-
Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат