Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

28-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты

I. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама.

II. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ, ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұратымыз.

III. Елбасы Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы - ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Стратегияны мүлтіксіз орындау, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! – дел атап өтті Елбасы өз Жолдауында.

IV. Елбасы Жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Казақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфрокұрылымдық үштағаннын қарқынды дамуы және бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.

V. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан- жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын кұрдымға жіберген. Тіршлік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама! Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі камшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

VI. Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл – егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейін асыл қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, Мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол – мемлекеттік тіл – қазақ, тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзегс асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақикат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емеc, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,– деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді мәңгілік тіл ету – өз қолымызда.

VII. Алға койған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана Мәңгілік Ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса, сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

VIII. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізіп, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретін тұғырлы идея.



Сұрақтар
  1. Мәтіндегі тірек сөздердің орналасу реттілігі 

     

    1.     Тұғырлы идея

    2.      Ұлы бастама

    3.      Жолдау

    4.      Тәуелсіздік

    5.      Мемлекеттік тіл

  2. Елбасы Жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі

  3. Елбасы Жолдауы туралы айтылатын бөліктер қатары

  4. Мәтіннің VI бөлігіне қандай тақырып қоюға болады?

  5. Мәтінде кездеспейтін тіркес

  6. Еліміздің басты мақсатын айқындайтын бастама

  7. Мәтіндегі II бөлік пен соңғы бөліктің байланысы

  8. Мәтінде сөз болмайтын мәлімет

Қате туралы хабарландыру