
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
27-мәтін (2019 жыл)
Түс көру және ұйқы туралы
1. Ғаламшардағы адамдардын көпшілігі өз сағат белдеуіне сәйкес 20:00 мен 01:00 аралығында ұйықтайды, сағат 01:00-де дүниежүзінің 57 пайызы өз төсегінде түс көріп жатады. «The Beatles» тобының мүшесі Пол Маккартни «Yesterday» әнін алғаш түсінде естігенін айтады.
2. Сиыр, жылқы, піл секілді кей жануарлар тізесінің жаратылысына байланысты тұрған орнында ұйықтай алады. Ал қоқиқаздың (фламинго) қылығы тіпті таңғалдырады, ол бір аяғымен тұрып та ұйықтай береді. Бұл жануарлар тек өзін толықтай қауіпсіз сезінген жағдайда ғана жатып ұйықтай алады. Қара карлығаштар, ләйлектер, бізтұмсық, шағалалар ұшып келе жатқанда шаршап қалса, ауада қалықтап келе жатып 10 минут ұйықтап алады. Дельфиндер мен киттердің сол жақ және оң жақ жарты шарындағы ми кезектесіп ұйықтайды. Ол жануар ұйықтап жатқанда да дем алуы үшін қажет.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыз кезінде тура шекесіне оқ тиген венгр сарбазы өлім аузынан қалады. Бірақ сол күйі дұрыс ұйықтай алмайтын күйге ұшырайды. Соған қарамастан өзін жаксы сезініп, ары қарай 40 жыл өмір сүрген екен. Құлағы естімейтін адамдар түсінде де ым тілімен сөйлесіп жүрсе, көзі көрмейтін адамдар да түс көре алады. Атақты суретші Сальвадор Дали үстелде сурет салып отырған жерінде қолында ауыр кілтті ұстап отырған күйі жиі қалғып кетеді екен. Қолында ұстаған кілті жерге түсіп кеткенде, соның дауысынан оянады. Осы оянғаннан кейін суретті ары қарай қалай жалғастырудың шешімін оңай табатын көрінеді. 2011 жылы Лондонда «Бесік жыры» қойылымы болды. Көрермендер кереуетке жайғасқан кезде қойылым бастанып, оның әсерінен бәрі ұйқыға кетеді. Актерлердің де мақсаты оларға тыныш ұйқы сыйлау еді. Олар таңертең оянғанда билет бағасына татитын таңғы аспен тамақтанады. Адам оянғаннан 5 минуттан кейін түсінің жартысын, ал 10 минуттан кейін небәрі 10 пайызын ғана еске түсіре алады. 16 сағат ұйқысыз жүргеннен кейін адам жұмысқа қабілеттілігін жоғалта бастайды. Тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтаған адам тамақсаулыққа, май басуға бейім болады. Адам көбіне ұйқыға жатқаннан кейін шамамен жарты сағаттан соң түс коре бастайды.
-
Адам ұйқысы жайлы қызықты деректер жазылған мәтін бөлігі
-
Лондонда көрсетілген «Бесікжыры» қойылымының көрсетілу мақсаты
-
Қокиқазға тән ерекшелік
-
Алып балықтардың ұйықтау ерекшелігі
-
Мәтіннің екінші бөлігінің тақырыбы
-
Адамның түс көретін уақыты
-
Адамның жұмысқа қабеттілігін реттеуші
-
Кауіпсіз жерде ғана ұйықтайтын құс