
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
7-мәтін
Қыстың күні еді. Үш-төрт күн сәтсіз соғысып жатыр едік, отыздағы полковник кезім. Алғы шепке бара жатыр едім. Бізді немістер пулеметпен атты. Зуылдаған оқтан қаймығып, қардың үстіне құладық. Біреулерімізге оқ тиді. Маған оқ тиген жоқ. Орнымнан тұрдым. Қарасам, бір солдат талып жатыр, желкесіне оқ тиген екен. Күре тамырынан аққан қызыл қан ақ қарда шапшып жатыр. Қасына келіп шошып кеттім.
«Е, енді мынау адам болмайды екен», – деп ойладым. Қасымда адъютантым капитан Ложкин бар еді.
– Ложкин, жерлеңдер, – дедім. Соны айттым да, алдыңғы шепке кетіп қалдым...
Мен бұл солдатты бұдан отыз төрт жыл бұрын өлдіге санап қойған болатынмын. Сонша уақыттан кейін есен-сау мен жатқан бөлмеге кіріп келгенде, есімнен танып қала жаздағаным да рас еді.
Мен командирмін ғой. Өлді деген солдатым отыз төрт жылдан кейін тіріліп келіп отырғанына сенер-сенбесімді білмедім. Әйелім қасымда жоқ еді. Оған үйреншікті қонақжайлық та таныта алмадым.
– Игорь Шигин.
Бұдан өзге мен ештеңе айта да алмадым. Ұзақ үнсіз отырып қалдық. Өзіме-өзім келгеннен кейін оған өзбекшелеп:
– Гапырың, – дедім.
Ол маған өзінің басынан өткен қайғылы тарихын айтып берді. Күре тамырынан ақ қарға атқылап жатқан қызыл қанды есіме түсірдім. Ол сонда тірі қалыпты. Отыз төрт жыл өткенде мені іздеп келіпті. Соғыстан кейін ол Өзбекстанның Наманган облысындағы бір аудандық партия комитетінің секретары болып істепті. Соғыстан кейін үйленіпті. Қазір бес баласы бар екен. Өзі құрметті демалысқа шығыпты. Бірде, жақында радиодан мен туралы хабарды естіпті.
– Ох, полковник, әлі тірі екен ғой, барып сәлем берейін, – деп шешіпті.
– Естигән кезимда юрагим ярылып кита яздади, Әкажан. Ертаңина райкомға бардим. Әмапам тири икан, рұқсат биринлар, чол кисига барип қайтамын дедім. Рұқсат берди. Сизниң дидариңызды көргели келдім, Әкажан. Әкажан, мен сизга ала топпы алып келдим, мен сизга ала шапан алып келдим. Мархабат етиңиз. Қабылдаңыз.
Мен солдаттың ықыласына қатты тебірендім. Шапанды, тақияны киіп, оны құшақтадым. Ол қайта жылады. Мен әмір еттім:
– Не плакать, солдатам не полагается плакать, – дедім орысшалап.
Екеуіміз иық тіресе отырып тамақтандық. Оның маған айтар ешқандай өтініш-тілегі жоқ екен, көріп-көріскелі, сәлем бергелі ғана келіпті.
Ол қоштасып, ауылына қайтты..
Б. Момышұлы «Солдат махаббаты»
-
Мәтін мазмұны бойынша кездескен екі жігіт бір-бірімен қалай таныс болған?
-
Өлдіге санаған солдаттың ұлты
-
Игорь Шигиннің соғыстан қайтқаннан кейінгі қызметі
-
Автордың Игорь Шигинді көргендегі күйі
-
Солдаттың полковникке тарту еткен сыйы
-
Шығарманың жазылған уақыты
-
Капитан Ложкин
-
Полковник қансырап жатқан солдатты қайда апаруға бұйрық берді?