Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

51-мәтін (2021 жыл)

Конспект

1. Бөкенбай Қарабатырұлы – даңқты қолбасшы, тарихи тұлға, айбынды саясаткер, азаттық үшін күрес жолында жанын құрбан еткен батыр. 1710 жылы Дүрбін-Ойрат тарапынан қатер туған кезде Тәуке хан Қарақұмда бүкіл Қазақ Ордасының құрылтайын шақырғаны туралы тарихтан белгілі. Сол құрылтайда Бөкенбай Қарабатырұлы қалмақ басқыншыларына қарсы күрес жүргізу үшін біріккен қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып сайланады. Қазақ Ордасының тарихында тұңғыш сеніп тапсырылады.

2. Дүрбелең майданда Бөкенбай батыр бастаған қазақ әскері 1711 жылы қалмақтарға тойтарыс беріп, 1712 жылы ойрат ұлыстарының шегіне басып кіреді де, біраз қоныстарын қайтарып, үлкен жеңіске жетеді. Сонымен қатар Бөкенбай батыр 1726-1729 жылдары Бұланты, Бөленті, Аңырақай, Қалмақ қырылған т.б. соғыстарда жоңғарларға қарсы қол бастап, барлығында жеңіске жеткен.

3. Бөкенбай батырдың ерлігі мен жетістігі туралы заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы кіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайды сипаттайтын «Үркер» романында жазған. Әсіресе Әбілқайыр ханмен сәуірде түрікмендермен болған шайқаста ерлікпен қаза тапқандығы туралы толық баяндалған. Ордабасыдағы жиын туралы да: «Үш алаштың туын тағы да азуы алты қарыс үйсін тұрып, арғын тұрып, алшын тұрып күні кешегі табындардың көсемі Қарабатырұлы Бөкенбай ұстады» делінген.

Бөкенбай Қарабатырұлының батырлығы қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Мұхтар Мағауиннің қаламына да арқау болды. Атап айтқанда, «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде батырдың ерлігі кеңінен баяндалған. Онда Бөкенбай батыр Әбілхайыр ханның қасында аса ықпалды, халық алдында ерлігі, мәрттігімен абыройлы және айбынды тұлға ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ, Бөкенбай батыр туралы орыс ғалымдары Гавердовский, Левшин, орыс елшісі Тевкелев, қазақ ғалымы М.Тынышбаев, орыс ғалымы Ерофеева өте терең зерттеулер жазды. Онискованың, Вадим Нестеров, Өталиев Сәкеннің, тарихшы Нұржан Жетпісбаевтың көптеген мақалалары жарық көрді. Танымал ақын Жөкей Шаңғытбаевтың көптеген мақалалары жарық көрді. Танымал ақын Жөкей Шаңғытбаев «Бөкенбай» атты дастан жазған. Жалпы Бөгенбайдың атасы Жиембет пен әкесі Қарабатыр, ұлдары Тіленші және Есенаман, немересі Жоламан да батыр болған. Барлығы да қазақ жерінің тұтастығы үшін күрескен баһадүрлер.

5. Аңыз бойынша Бөкенбай Қарабатырұлы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында жерленген. Орыс ғалымы Гавердовский жерленген жері Ырғыз ауданында дегенді алға тартады. Бірақ, бұл деректермен келіспейтіндер көп. Енді біреулер баһадүр Үстіртте (Маңғыстау облысы) жерленген деген болжам айтады. Маңғыстау өңірінің Бейнеу ауданынан 110 шақырымдай оңтүстікке бет алған бойда Айрақты бекінісі бар, сонда түркмендермен шайқаста Бөкенбай батыр 1742 жылы қайтыс болған, ал 1752 жылы басына құлпытас қойылған деген әңгіме бар.



Сұрақтар
  1. Бөкенбай батыр бастаған қазақ әскерінің қалмақтарға ең алғашқы тойтарыс берген жылы

  2. Бөкенбай батырды қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлауының мәні

  3. Қазақ Ордасының құрылтайын ұйымдастырған тұлға

  4. Екінші азатжолға қатысты тұжырым

  5. М.Мағауиннің еңбегінде Бөкенбай батыр туралы берілген мәлімет

  6. Бөкенбай батыр туралы дастан жазған автор

  7. Бөкенбай Қарабатырұлына тән емес қатар

  8. Бөкенбай батырдың ерлігі мен жетістігі кездесетін роман авторы

Қате туралы хабарландыру