
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
52-мәтін (2021 жыл)
Сүлеймен патшаға жеті сауал
Таңның атысын тамашалап, биік тау басынан түсіп келе жатқан Сүлеймен патшаны етекте күтіп тұрған халқы ортаға алып, неше түрлі сұрақ қояды.
– Уа, патша, сен біз үшін жақсылықтың бұлағысың. Сенің сөздерің жүрекке жылу таратады. Сенің даналығың ақылымызға сәуле құяды. Сені тыңдай бергіміз келеді.
– Айтшы бізге, осы біз кімбіз?
Сүлеймен патша күлімсіреп, былай деген екен:
– Сендер – әлемнің жарығысыңдар. Сендер – жұлдызсыңдар. Әрбіріңнің бойында ғалам бар. Ақылды жүрекке салып, өз жүректеріңнен сұрап, махаббаттарыңнан жауап алыңдар.
– Өмірдің мәні неде?
– Өмір деген даңғыл жол, мақсат және марапат. Өмір деген махаббат биі. Адамның жаратылу мақсаты – гүл ашу. Дүниеге келу – әлемге жасаған ұлы сый. Сендердің өмірлерің ғаламның тарихы. Сондықтан өмір әр сөзден артық. Өмірді мереке деп қабылдаңдар. Өмір – бәрінен қымбат. Өмір деген – бүгін. Ал, бүгіннің маңызы бүгінмен өмір сүру де.
– Бақытқа апарар жол қайсы?
– Шын сүйгендер мен риясыз ризашылық білдіретіндер – бақытты жандар. Жан тыныштығын тапқан адам – бақытты. Жан түкпірінен жұмақты тапқандар – бақытты. Қуанышпен сыйлайтындар, қуанышпен сый қабылдай алатындар – бақытты. Іздегендер – бақытты. Үйлесіммен өмір сүретіндер – бақытты. Бірлікті түсінгендер – бақытты. Үйлесімнен өмір сүретіндер – бақытты. Әлемнің сұлулығын көре алғандар. Күнге көзін ашқандар – бақытты. Көреген адам – бақытты. Өзін танығандар – бақытты. Өзін жақсы көрген жан – бақытты. Өмірді мақтағандар – бақытты. Өмірді тудырушылар – бақытты. Еркін өмір сүретіндер – бақытты. Кешіре білетіндер – бақытты.
Берекенің құпиясы неде?
– Адамның өмірі – жаратылыстың ең ұлы асылы мен қазынасы. Айналасындағы молшылық – шексіз. Әлемнің байлығы әр адамды байытуға жетерлік. Сондықтан, берген сайын байи бересің. Бақыт сенің үйіңнің табалдырығында тұр. Берекеге есік аш. Қолға түскен әр нәрсені өмір сыйлаған алтын деп қабылда. Жан дүниесінен қазына тапқан адам – бақытты.
– Қалай өмір сүру керек?
– Өмірдің әр сәтінен құшырлана дәм тат. Өйткені, дәм татпаған өмір қайғы тудырады. Ішінде не болса, сыртында да сол. Әлемнің қара түнегі сендік жүректің қаралығынан. Адам – Күннің дәні. Бақыт – Күннің атауы. Есею – мыңдаған күннің шұғыла шашуы. Жарықты көруге асыққандар – биік.
– Үндестікке қалай қол жеткізеді?
– Қарапайым өмір сүр. Ешкімге зияныңды тигізбе. Қызғанба. Көре алмаушылықты санаңа жақындатпа. Жайсыздық әкелмесін. Өмір сұлулыққа арна. Шығармашылық – мадақ үшін емес, ғажап үшін екенін түсін. Ең жақыныңа жаның ашық болсын. Өйткеніңді тез ұмыт. Тек жақсылықты есте сақта. Әлемге жаңалық әкел. Тәнің сүйіспеншілік бесігі болсын. Сезімнің қуатына айнал. Өйткені, махаббат бәріне рух кіргізеді.
– Өмірдің кереметіне қалай қол жеткізеді?
– Бақытты адам айналасына шуақ шашып жүреді. Бақытсыздап құл болып өтеді. Өйткені бақыт азаттықты сүйеді. Еркіндік бар жерде қуаныш бар. Бақытты болу өнерін меңгер. Дүниеге жүрегіңді аш, сонда дүние де саған құшағын ашады. Қарсыласудан бас тартқан адам өз өміріне ие болады, – дейді. Сүлеймен айналасына мейіріммен қарап, сөзін былай деп жалғастырады: – Көп шындықты үнсіздіктен естисіңдер, тек жүрегіңе сатқындық жасама. Сонда үйлесіммен өмір сүресің! Өз меніңді сыйлап үйрен!
-
«Қолға түскен әр нәрсені өмір сыйлаған алтын деп қабылда», – деген жауапқа сұрақ
-
Мәтін мазмұны бойынша ой реттілігі
1. Дүниеге жүрегіңді аша білу.
2. Өмірді қалай сүру керектігі туралы.
3. Берекенің құпиясы.
4. Бақытқа апарар жолдар.
-
«Дүниеге келу – әлемге жасаған ұлы сый» деген ойдың сұрағы
-
«Бірлікті түсінгендер – бақытты» деген жауапқа сай сұрақ
-
Адамзат бойына рух кіргізетін сезім
-
Сүлеймен патша жауабында ең көп айтылатыны
-
Берілген тұжырымдардың дұрысы
1. Байлықты тапқандар – бақытты.
2. Еркін өмір сүретіндер – бақытты.
3. Кешіре білетіндер – бақытты.
-
Үндестікке қол жеткізудің басты қағидасы