Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

48 мәтін (2021 жыл)

Конспект

1. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – авиация генерал майоры, «Барыс» орденінің иегері.

2.  Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен жағаласқанда жүрегі шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алған қазақ халқының мақтанышы.

3. Әскери әуе жолдары бағындырған, «Аспан адамы» атағына ие болған қаһарман атамыздың есімі әлдеқашан-ақ сол аспан биігіне дейін шарықтап кетті.

4. Қазақтың болашақ даңқты ұшқышы Талғат Бигелдинов Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында, Бигелді қарттың әулетінде дүниеге келген. 101 жасаған әжесі кішкентай Талғатты қатты жақсы көрген, бар мейірімін төге тәрбиелеген. Әкесі 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысқан уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы айдалада пияз, жүгері еккен. Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйді қарайтын, бие мен сиырды бағатын Талғат еді. Осылай еңбекке, елгезектікке үйренеді. Қара жұмысқа қаршадайынан пісіп шынығады.

5. Талғат Бигелдинов әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштары авиамектебіне оқуға жіберіледі. Оны бітірген соң, Чкаловтағы 3-бомбалаушы және 1-жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын тәптіштеп меңгерді. Одан соң, ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағында ұшуға үйренуден өтті. Осының бәріне ұзын-ырғасы екі жарым жыл шамасында уақыт кетті. Тек содан кейін ғана, ол 1942 жылғы желтоқсан айында кейіннен «144-гвардиялық» деп аталған алты шептегі 800-шабуылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды күндерін бастан кешті.

6. Үш жүз бес рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып, ұрысқа қатысты деп айтуға ғана оңай. Басты мақсат жан алып, жан берісе жағаласқан сол жанталастарда жеңіп шығу болса, Талғат Жақыпбекұлы соғыста 305 рет жеңіске жетті, мерейі үстем болды. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған техника мен қару-жарақ, дұшпанды ойрандатқан шығын арта берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ, дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомашинасын, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен 1 жойғыш ұшағын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін «Екінші дәрежелі Отан соғысы» орденін алды.

7. Соғыс өрті сейілген бейбіт жылдары Талғат Жақыпбекұлы азаматтық авиацияны басқарды. Мәскеудегі құрылыс институтын бітіріп, зәулім ғимараттарды тұрғызуға атсалысты. Маңдайына ерекше тағдыр жазылған қазақтың осындай арда азаматын мақтан етеміз. Қарт қыранға қарап бой түзейтін ұлан-ұрпақтарымыз мол болсын!



Сұрақтар
  1. Батырдың білім жолындағы алғашқы баспалдағы 

  2. Т.Бигелдиновтің әскери шені

  3. Талғатты еңбекке баулыған адам

  4. Мәтін идеясына сәйкес мақал-мәтел

  5. Мәтіндегі тұлғаға қатысты теңеу

  6. Мәтіннің төртінші азатжолына тән мәлімет

  7. Мәтіннің жетінші азатжолына қатысты ақпарат

  8. Т. Бигелдиновке «Екінші дәрежелі Отан соғысы» орденінің берілу себебі

Қате туралы хабарландыру