
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
49 мәтін (2021 жыл)
1. – Халқымыздың ертедегі дәстүрі бойынша, әрбір қазақ өзінен бастап жеті атасын жетік білуге міндетті. Ата-ана мұны баласының тілі шыққан соң үйретуі парыз саналып, отбасылық тәлім-тәрбиені әліппесі, негізі болған. Әке-шешесі бола тұрып, жеті атасын айта алмайтындарды «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп айыптаған.
2. Әрбір қазақ жеті атасының өмір жолын білу арқылы кем дегенде екі ғасырлық мағлұмат алады, ұрпақ жалғастығының ізі, сүрлеуі сақталады. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер», «Жеті ататсын білген ұл жеті рулы елді билер» дегеннің мәні тамыры үзілмеген бауырластық, қандастық қасиетін айтқанында.
3. «Жеті атаның» өз атаулары бар. Төменнен жоғары қарай бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата деп аталады. Ал жоғарыдан төмен қарай әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Ары қарай жүрежат, жекжат, жұрағат, қаймана деп кете береді. Қазақта туыстықтың шегі жоғарыдағы «жеті атамен» аяқталады. Мұның да өз жөн-жобалары бар. Жеті атаға толған соң, «Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп жар салып, жеті жұрттың белгілі адамдарын куәлікке арнап шақырады. Құдайыға боз бие сойылып, қанына қолдарын малып, «Араларымыз алыстамасын, бұрынғы бауырлардай тату-бірлікте болайық» деп баталасады. Ала арқан кесіледі. Ұраны мен ең-таңбасы белгіленеді. Осылай «Ендігі жерде құдалыққа жол ашық» делінеді. Алайда қазақтың тарихи жады, санасы біржола жойылмай, қандасты, байырластықты ұзағырақ сақтап, ардақтайды, құрметтейді.
4. Қазақ салтында жеті атаға толмай тұрып құдандалы болу, ерлі-зайыпты болу тұқым бұзушылық, қан аздырушылық болып, қатаң жазаланған. Қазақтың «жеті аталық» дәстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «жеті аталық» дәстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «оқымаған», «қараңғы», «надан» деп айдар тағылған қазақтың ақылына, ой-өрісінің биіктігіне бүгінде ғалымдар таңғалып отыр. Неге? Өйткені жеті атаға толғанша қан сәйкестігі сақталып, сегізіншіге жеткенде, сол қан сәйкестігі жойылады екен. Ал қандастық, қан тазалығын сақтауды ата-бабам баяғыдан-ақ білген ғой. Ғылым оны енді дәлелдеп отыр. Сөздің қысқасы, «жеті аталық» дәстүрді туыстық мейірімнің ұзақ уақыт жалғасатын тірлігі мен бірлігін бұзбауға, тұқымды пәк сақтауға жасалған ереже-заңы деуге болады. Бұл аталас адамдар арасындағы ар-ұятты, адамгершілікті адал ұстаудың тұрақты жолы екенін көрсетеді, – деп еді атам.
Зейнеп Ахметова
-
Мәтінде жауабы бар сұрақ
-
Мәтін мазмұнындағы ой реттілігі
- Дәстүрді ғылымның мойындауы
- Құдалыққа рұқсат ету жолы
- Ата-ананың парызы
-
Үшінші азатжолда айтылған ой
-
Мәтін бойынша ата-ананың балаға үйрету парызы
-
Төртінші азатжолдағы негізгі ой
-
«Жеті аталық» дәстүр бойынша ғалымдарды таңғалдырған жайт
-
Мәтін мазмұнымен үндес мақал-мәтел
-
Жеті атадан кейінгі атаулар