
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
19-мәтін
Жапония жайлы қызықты 40 мәлімет: Жапондар өз ана тілдерінде бір-екі ауыз сөз айта алған адамды аса қатты құрметтейді. Өйткені олар бұл тілді үйрену еш мүмкін емес деп санайды. Жапон тіліндегі тілдейтін, ең ауыр қарғыс сөз «ақымақ» және «жарымас» деген сияқты сөздер. Жапонша «ақымақ» сөзі «бака» деп дыбысталады (сөзбе-сөз аударғанда «ақымақ адам»). Ал шетелдік деген «гайджин» 外人 [gaijin] (сөзбе-сөз «жат», «бөтен») деп айтылады. Бірақ «бака-гайджин» ауызекі тілде бұл – америкалық. Жапондар үнемі тамақ туралы әңгіме айтқанды жақсы көреді, әсіресе, тамақтануға отырған кезде өздеріне астың қалай ұнайтынын үнемі ортаға салады. Жапонияда шайпұл беру мүлдем жөн саналмайды. Клиент қызметтің белгіленген бағасын төлеп тұрғанда сатушымен тең дәрежеде тұрады деп саналады. Ал егер сіз алда-жалда біздегідей шайпұл тастап кеткен болсаңыз, онда ол өзіңізге жасалған қызметке көңіліңіздің толмағанын яки қызметкерді кемсіткеніңіз болып саналар еді. Токио қаласы – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Токиода жүрудің қауіпсіз болғаны соншалықты, алты жасар балалар қоғамдық көлікте жеке өздері жүре береді. Жапонияда Сант Валентин күні қыздар ұнатқанын білдіріп, ер жігіттерге сыйлық тарту етеді. Ол дәстүрдің неге қатысты шыққаны маңызсыз, бірақ бүгінде ол маңызды әлеуметтік функцияны атқарады: жапонның ер азаматы батылдығы жетіп сезімін білдіріп, келісімін сұрағанын күтпей-ақ қыздардың «иә» деп айтуына мүмкіндік береді.
Аппақ күн – мемлекеттік мереке емес, бірақ жыл сайын Сант Валентин күнінен (14 ақпан) тұп-тура бір ай өткен соң, 14 наурызда атап өтіледі. Бұл мерекеде ер адамдар әйелдер қауымына Сант Валентин күні жасаған сыйлығына алғыс ретінде сыйлықтар береді. Жапондар – ақылға сыймастай еңбекқор, тыным таппайтын жандар, олар жайдан-жай түскі асын ішпей-ақ күніне 15-18 сағат жұмыс істей беруі мүмкін. Ал сіз мұражайда, метрода, аялдамада, тіпті жұмыс арасында да көз шырымын алып отырған жапондарды көрсеңіз, таңырқаудың еш реті жоқ. Жапонияда жұмысқа тура уақытында келу жаман мінез саналады. Жұмыс орнында адам кемінде жарты сағат ерте болуы керек. Жапонияның солтүстік қалаларында тротуарлардың барлығы жылытқышпен жасалынған, сондықтан да бұл жерлерде ешқашан көктайғақ болмайды. Жапонияның көшелерінде (тіпті дәріхана, дүкендерде де) қолшатырлар салынған құмыраларды жиі көруге болады. Егер жауын құйып кетсе, олардың біреуін алуға болады, сосын жауын тоқтағанда жақын маңдағы құмыралардың біріне салып кетіңіз. Әрбір екінші жапон суретті керемет сала алады және әнді де жақсы орындайды. Бір жағынан, бұл балаларды тәрбиелеу жүйесінің нәтижесі – оларды алдымен сурет салуға және ән сала білуге үйретеді, содан кейін барып сөйлеу мен жаза білуге баулиды. Жапонияда оқу жылы бірінші сәуірден басталады. Айтпақшы, жапон тілінде айлардың атауы жоқ, олардың орнына жапондар реттік санмен «бірінші ай, екінші ай» деп атайды.
-
Жапондар ауызекі тілде америкалықтарды қалай атайды?
-
Мәтін бойынша әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис
-
Сант Валентин күнінен (14 ақпан) тұп-тура бір ай өткен соң, 14 наурызда атап өтілетін мереке
-
Неліктен Жапонияда көктайғақ болмайды?
-
Жапондар баланы оқытпас бұрын бірінші нені үйретеді?
-
Берілген мәтін стилі
-
Жапонияда оқу жылы қашан басталады?
-
Берілген мәтін қандай тақырыпқа сәйкес келеді?