
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-мәтін
Жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдықта басталған. Көп өсірілетін аймағы – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су болады. 100 грамында 60 калория бар.
Жүзім құрамындағы дәрумендер мидың қызметін жақсартады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім 1,150 грамм сүтке, 390 грамм етке, 300 грамм нанға және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумендері (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтер де жүзімнің құрамында бар. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін жылдамдата түседі. Сондай-ақ ол – аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Жүзім шырынындағы биофлавонойдтар С дәруменінің белсенділігін арттырады. Қандағы оттекті жүргізетін гемоглабин синтезіне қажет темір мен бүйректің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда көп кездеседі.
Дәрумендер мен минералдарға қоса жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті 15 түрлі амин қышқылы бар.
-
Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар
1. Жүзімнің пайдасы
2. Адам денсаулығына жүзімнің тигізер әсері
3. Жүзімнің түрлері
-
Жүзімнің құрамындағы фруктозаның адам денсаулығына әсері
-
Жүзімнің құрамында кездеспейтін элемент
-
Жүзім туралы қате тұжырым
-
Жүзімнің құрамында кездесетін амин қышқылдарының саны
-
Мәтін бойынша жүзімнің көп өсірілетін аймағы