
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
7-мәтін
Музыка тыңдау арқылы көңіліміз көтеріліп, әдемі күйге бөленеміз. Әдемі әуен сізді таңда оятып, түнде тәтті ұйқының құшағына енуіңізге көмектеседі. Музыка тілге бөлінбейді. Қандай музыка болса да, сіз сүйсініп тыңдайтын әуен жаныңызды жадыратып, миыңызды демалтады.
Түрлі стильдегі әуендер адамның денсаулығында әрқилы әсер қалдырып, эмоция сыйлайды. Ең әуелі музыка адамның психоэмоционалды күйіне қатты әсер етеді. Егер әуен адамның психоэмоционалды күйіне сәйкес келсе, онда жақсы болғаны. Ал гармония болмаса, адамның денсаулығына пайдасыз деген сөз.
Музыканы қабылдаудың келесі бір факторы ұлттық-мәдени құндылығына байланысты. Мәселен, еуропалық адам шығыс әуенін тыңдаса, өзін сондай жайлы сезіне қоймасы анық. Жан дүниесі қаламайтын әуенді мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт тыңдаса, психикасы бұзылуы мүмкін.
Дегенмен музыканың адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Мамандар музыканың тек стилі немесе ырғағы мен әуезі ғана емес, қай аспапта орындалғаны да маңызды екенін айтады. Әр музыкалық аспаптың әуені адам ағзасындағы белгілі бір жүйеге түрлі әсер етеді.
Фортепианомен ойнаған туындыны тыңдау психиканы гармонияға бөлейді, бүйректің жұмысын қалпына келтіруге, несеп жолдарының жұмысын жақсартуға, сондай-ақ қалқанша безді тазартуға пайдасы зор.
Орган дыбысы ми жұмысына пайдалы.
Гитара, арфа, скрипка сынды ішекті аспаптар жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді.
Үрмелі аспаптар тыныс жолдарын жақсартып, өкпені тазартады. Қан айналымына да әсерін тигізеді.
Ал барабан сынды аспаптың әуені жүрек соғысын қалпына келтіріп, бауырдың жұмысын жақсартады.
Кез келген музыка бұлшық еттің ширығуын босатып, белсенділікті арттырады. Ақпаратты анық әрі нақты қабылдауға ықпал етеді. Ғалымдар музыканың адам ағзасына тигізер пайдасын зерттеу барысында классикалық туындылар ғажап әсер беретінін анықтады. Әсіресе, Моцарт, Вивальди, Грига, Бетховен, Шуберт, Шуман, Чайковский және Дебюсси сынды ұлы композиторлар шығармалырының әсері терең зерттеліп жатыр. Моцарттың әуендері мидың жұмысын белсенді етеді әрі ақпаратты тез меңгеруге әсерін тигізеді деп есептеледі. Бетховеннің «Фиделио», Полонез Огинскийдің «Венгерлік рапсодия» сынды туындылары бас ауруын жазады делінеді. Ұйқысыздықтың бірден-бір емі Чайковскийдің, Григаның, Сибелиустың пьесалары болса, Вивальдидің «Жыл мезгілдері» туындысын тыңдау арқылы еске сақтау қабілетін күшейтуге болады. Бұған қоса классикалық музыка – ревматизмнің тамаша емі.
-
Мәтін мазмұнына сай келетін тақырып
-
Адам психикасының бұзылуына әкеп соқтырады
-
Қалқанша бездің тазаруына оң ықпалын тигізетін музыка түрі
-
Мәтін бойынша музыканың адам денсаулығына пайдасы тиюі үшін ең алдымен
-
Мәтін мазмұны бойынша ұйқысыздықтың бірден-бір емі
-
Мәтінге қатысы жоқ нұсқа