
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
51 мәтін (2021 жыл)
1. Дәрілік өсімдіктердің бірі – жалбыз. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесетін өсімдік. Солтүстік қоңыржай ендікте көп тараған. Қазақстанда жалбыздың тоғыз түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Оның дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, керемек немесе бұрыш жалбыз секілді маңызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынның иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маңызы бар. Ал кермек жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдың негізгі құрам бөлігі – ментол. Ментол парфюмерия, косметика, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ тіс поршогі мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі валидол осы ментолдан алынады. Биіктігі – 80-100 см, сабағы төрт қырлы күрең күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқы сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақты. Жапырағын саусақпен уқалағанда, жағымды иіс шығады. Себебі жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді.
2. Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық мың да бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Оның екі қасығын араластырып, күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай бойы ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға араластырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса, демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді басып, қарлыққан дауысты ашады.
-
Ментол пайдаланылмайтын өндіріс саласы
-
Жалбыз май алынатын бөлігі
-
«Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтелдің айтылу себебі
-
Жапырағынан жағымды иістің шығу себебі
-
Дала жалбызының өспейтін жері
-
Мәтінде берілмеген ақпарат