
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
28-мәтін (2019 жыл)
1. XXI ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін apттыpy болып табылады. Есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 20 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ, әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оның принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.
2. Компьютер – уақыт талабы, біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілін меңгеріп, компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген жұмысыңыз жеңілдеді дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей...
3. Компьютердің пайдасымен қатар, адам ағзасына келтіретін зияны да бар. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу қан қысымын көтереді. Миопия, яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен қорытындылай келе, компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай; көздің көру қабілетін төмендетеді, омыртқалардың қисаюына әкеледі, жүйкеге салмақ түсіреді, шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса бала еркінен тыс компьютерге тәуелді болып қалады. Сол себепті компьютер алдында жұмыс істеген кезде уақытты шектеп, денсаулықты бірінші кезекке қойған жөн.
-
Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем
-
Мәтін мазмұнынан тыс сөйлем
-
Мәтіннің бірінші бөлімге сәйкес келетін даналық ой
-
Мәтін мазмұны бойынша құрылған жоспардың дұрыс реті
1. Компьютердің пайдасы
2. Компьютердің зияны
3. Уақыт талабы
-
Мәтіннің 2-бөліміне сәйкес мақал-мәтел
-
Мәтін мазмұнына лайықты тақырып