Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

27-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1. Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандык емес. Ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы зор. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік аласың. Ол үшін саяхат ережелерін жақсы білу керек. Осы орайда мынадай саяхат ережелері ұсынылған:

2. Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің. Ойын-сауық дегенде би кештері өтетін жер емес, жергілікті тұрғындар, қарапайым халық жиналатын орта айтылып тұр. Газет сатып ал да, орындыққа жайғас, өткен-кеткендерді сырттай бақылап көр. Біреу сені сөзге тартқан болса, барынды салып сөйлесіп көр.

3. Ашық бол, Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта. Біріншісімен тіл табыспасаң, екіншісі сенің көңіліңнен шығады. Сөйтіп, кез келген сауалыңа жауап алып, ең жаксы жерлермен серуендей аласың.

4. Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыкқа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіреуіне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене танысып, жақсы жағын үйреніп алып, жаман жағынан бас тарт!

5. Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Кей саяхатшылар көптеген елдерде болып, сол елдің бір ауыз сөзін білмесе де, әрдайым көмек қолын созатындарды таба алады.

6. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса, корқатын дәнеме жоқ. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріне уақытында жеткізеді.

7. Саяхат – бұл шытырман оқиғалар. Өзінді еркін сезін, өзің әлі білмейтін дүниені іздеп тап, бұл сенің өміріңді өзгертуі мүмкін...



Сұрақтар
  1. Саяхат жасағанда ең алдымен, сол елдің ойын-сауық орталықтарына бару керек деген ойдың себебі

  2. Мәтіннің мазмұнын түйіндейтін даналық ой

  3. «Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес» – деген сөйлемде айтылған ой

  4. «Ең мықты гид – жергілікті тұрғындар» деген тұжырымның мәнісі

  5.  Бесінші азат жолдың түйіні

  6. Саяхат адамға қалай әсер етеді?

Қате туралы хабарландыру