Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

20-мәтін

Конспект

Құссайрауық – қазақтың көне музыкалық аспаптарының бірі. Саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспатың тарихы тым тереңде. Өткен ғасырдың соңында Түркістан қаласының ежелгі қоныс орнынан кездейсоқ табылған бұл аспап көне түркі дәуіріне жатады. Қазіргі кезде біздің зерттеуіміз бойынша дыбыс ауқымы, лебіз жүйесі, ойнау тәсілі, сипаты, заты анықталды. Аспап табиғи саз, майда құм секілді заттардың қосындысынан қатты, тығыз етіп жасалған. Аспаптың үрлеу қуысына жақын екі бүйірінде дыбыс ойықтары бар. Үрлеу қуысының жасалу әдісі бұған дейін анықталған ұлттық үрлемелі аспаптарда кездеспейді. Аспаптың сырты кедір-бұдырлы, боялмаған табиғи қалпында. Күйдірілмей табиғи түрде қатып, тасқа айналған бұл аспап көк саздан жасалынған. Бүгінде бұл аспапта музыкалық аспаптар қолданысынан шығып, тарихи-өлкетану музейінен орын алған. Тарихы тым тереңде жатқан аспапты жаңғырту бүгінгі аспаптанушылар үшін жауапты іс деп білемін.

Жіліншік – ұзын үрмелі керней аспабының түріне жататын, көне музыкалық аспап. Көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз малдың, аң-құстардың жіліншік, жіліктерінен жіліншік керней аспабын жасаған. Белгілі этнограф, тарихшы Биқұмар Кәмалашұлының айтуынша, көбінде асық жіліктер бұл аспапты жасауға ыңғайлы болған. Б. Кәмалашұлы былай дейді: «Асық жіліктің жуан жағын сыртына қарата жіңішке жағынан үрлейтін болған да, жіліншік жілік ортасынан әртүрлі пернелерді ойып шығаратын болған». Жіліншік көне музыкалық аспабының үні баяу, сазды әуенді, қоңыр дыбыс шығарған. Оны жасауға тіпті ұзын аяқ құстардың және киік тектес аңдардың жілік, жіліншіктері де пайдаланылған. Сондықтан бұл аспапты да заман талабына сай жаңартып, ұлттық музыкалық оркестр қатарына қосуға болады.

Қалған – қазақтың ертеден келе жатқан көне музыкалық аспабы. Керней аспабына ұқсас келетін үрмелі аспап. Қалғанның тарихы көне ерте замандардан басталады. Алтынды аста төк пайдаланған сақ заманында бұл аспаптың болуы әбден мүмкін. Өйткені ата-бабаларымыз ерте замандарда қалған аспабын жасауда алтынды пайдаланған. Хан сарайында қалғанды үрлеп, әуен шығарып әскерлерді сапқа тұрғызуға ишарат ететін болған. Бір жағынан қалғанды салтанатты шараларда жиі пайдаланған. Бұл көне музыкалық аспап жайында ұрпақтың жадын жаңартып, аспатың тарихын толықтай зерттей түсу қажет.

https://e-history.kz/kz/publications/view/4194
 

 



Сұрақтар
  1. Түркістан қаласының ежелгі қоныс орнынан кездейсоқ табылған аспап

  2. Мәтінде пікірі берілген белгілі этнограф, тарихшы

  3. Малдың, аң-құстардың жіліншік және жіліктерінен жасалынатын аспап

  4. Қалған аспабын жасауда пайдаланылған металл

  5. Берілген мәтін не туралы?

  6. Мәтін түрі

Қате туралы хабарландыру