
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
19-мәтін
Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік заманда ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту тұрмақ, олар туралы нақтылы мәлімет беру қиынның қиыны болды. Сол уақыттың өкініші қазақтың музыка аспаптары жайлы құнды зерттеулердің жат тілде жазылуында болды. Қазақша жазылмаған соң, ұлттық тұрғыда ізделінбеген соң дәстүрлі музыкалық аспаптардың аты да, заты да өзгертілгені аян. Көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыздың музыкалық аспаптар тобы өте көп. Олардың барлығы да халықтың рухани-мәдени дамуына өзіндік үлес қосты. Хан сарайындағы кештерден бастап, ұлттық мерекелерде, әскери шерулерде ұлттық музыкалық аспаптар пайдаланылды. Ендеше сіз бен біздің назарымыздан тыс қалып, ұмытылған үрмелі музыка аспаптарына тағы бір мәрте шолу жасасақ. Үрмелі музыкалық аспаптар қатарына дыбысы үрлеу арқылы шығарылатын музыкалық аспаптардың барлығы жатады. Үрмелі аспаптарды ата-бабаларымыз ерте кезден пайдаланды. Оларды ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасады. Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптардың түрі өте көп. Сыбызғы, сазсырнай, керней, үскірік, борғұй, жілікшік, тастауық, бұғышық, мүйіз сырнай және тағы басқа. Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы. Бұл аспап түркітілдес халықтар арасында кең таралған. Бұл аспапты қазіргі уақытта өзбектер, қазақтар, тәжіктер, моңғолдар пайдаланады. Белгілі этнограф, тарихшы Биқұмар Кәмалашұлыбұл аспап туралы былай дейді: «Керней – ұзын, үрмелі музыкалық аспап. Кер – «сапқа тұру, сап» деген мағынаны берсе, «ней, най» сөзі сыбызғы деген ұғымды меңзейді. Көне аспап кернейдің ұзындығы үш метрге дейін жетеді. Кейде астына тіреуіш қойып үрлейді». Ертеде керней аспабын әскери мақсатта пайдаланған. Жаугершілік заманда дабыл қағып, ұзын кернейден үн шығарған. Осы арқылы ауыл-аймаққа хабар таратқан. Хан сарайындағы салтанатты кештер мен елшілерді, хас батырларды, әскер басыларын күтіп алуда да кернейді сарнатқан. Керней аспабын қозғалып, жан-жаққа бұрылып ойнайды. Аспап көлемі әртүрлі, дыбыс қуаты өзгеше болады. Керней аспабын жасау әдісі сыбызғы аспабына ұқсас. Аспаптың сыртқы жағын түйе өңешімен қаптайды. Бұл ағаш түтіктің жарылып кетуіне жол бермейді. Жұмыр ағашты ортасынан бөліп, өзегін ойып, ішін тегістейді. Тегістелген ағаштар бір-біріне желім арқылы жабыстырылады. Дайын аспаптың сыртқы жағын жылқы қылынан жасалған шашақтармен безендіреді. Кернейдің үрлейтін жері жіңішке болады. Басында қалпағы болады. Керней аспабы Орта Азия халықтарының арасында әскери музыкалық аспап ретінде пайдаланылса, Шығыс елдерінде діни жоралғыларды өткізу мақсатында пайдаланылған. Белгілі аспаптанушы, сазгер Болат Сарыбаев керней аспабының көне музыкалық аспап және оның ел ішінде кеңінен пайдаланылғанын ғылыми түрде дәлелдеген. Ал белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев кернейді «Қыз Жібек» фильмінде қолданған.
-
Үрмелі музыкалық аспаптар дегеніміз
-
Үрмелі аспаптың бір түрі
-
Үрмелі аспаптар әскери аспап ретінде қайда пайдаланылады?
-
Керней аспабының көне музыкалық аспап және оның ел ішінде кеңінен пайдаланылғанын ғылыми түрде дәлелдеген ғалым
-
«Қылышынан қан тамған» тіркесінің мағынасы
-
Қай фильмде Н. Тілендиев кернеу пайдаланған?