
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
18-мәтін
Оспан батыр туралы еліміз тәуелсіздік алғанға дейін ешқандай деректер ашылмаған еді. Бірақ түрік пен батыстың ғалымдары бізден бұрын тың деректердің көзін әлдеқашан ашып зерттеген. 1956 жылы Лондонда жарық көрген «Қазақ босқыншылығы» деген кітаптың авторы Годфри Лиас «Оспан батыр осыдан 5-6 ғасыр бұрын туғанда Мөңке, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір сияқты даңқты қолбасшы болар еді» деп жазды. Оспан батырдың ел аузындағы аңыз болып айтылатын ерліктері бір төбе. Моңғолдың маршалы Чойбалсан Оспан батырмен кездесу үшін қалай сөйлеп, қалай қарсы алатынын ойластырып, аса сақтықпен дайындалған. Шығыс Түркістан үкіметінің басшылары Оспан батырмен келісім сөзге келу мақсатында оның ауылына келгенде Оспан батыр оларды бірден қабылдамай, бір күн күттіріп барып қабылдағаны туралы деректер оның аса сақ әрі аса бітімшіл дипломат екенін көрсетеді. Мысалы, гоминьданшы Қытай мен Оспанның ымыраға келген дәуіріндегі бір офицердің жазған мақаласында Оспанның өте сақ адам екені баса айтылады. «Бізбен дос болып тұрған кезде бір тапаншасын жастығының басына тастап, екіншісін жамбасының астына қойып жатады. Біздің өзімізге сенбейтін еді» деп офицер еске алады жазбаларында. Батырдың ат үстінде өткен өмірі артына жорыққа толы аңыздар қалдырды. Дініне берік, ұлтына ұран болған батырдың көзін көргендер ол жайында тебірене айтады. Қазақта өр рухымен бүкіл ұлтқа ұран болған талай батыр өткен. Оспанның рухы мен ерлігінен досы түгіл қасы да қаймығады. Әлемді жаулаған Шыңғыс хан Хорезмді түгел жаулаған соң Жәлаладдинмен соңғы шайқаста оның қасқайып қаймықпай тұрған бейнесіне қарап «Дәл менің Жәлеладдиндей 10 сарбазым болса, дүниежүзін алты айда жаулап алар едім» депті. Қайысқан қалың қолдың алдында торға түскен Оспан батыр да өр кеудесін таптатпаған, оның аңызға бергісіз ерлік істері халық жадында сақталып тұр.
-
Оспан батыр
-
Мәтін мазмұны
-
Лондонда «Қазақ босқыншылығы» кітабы қай жылы жарыққа шықты?
-
«Оспан батыр осыдан 5-6 ғасыр бұрын туғанда Мөңке, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір сияқты даңқты қолбасшы болар еді» деп пікір білдірген
-
Мәтін стилі
-
Оспан батырмен кездескен моңғол маршалы