
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
17-мәтін
Қыпшақ тайпасынан шыққан қарайымдар Хазар империясы кезінде, 8-10 ғасырларда Қырымда тайпалық одақ ретінде өмір сүрген. 8 ғасырда қарайымдар иудаизмнің қараизм тармағын құраған. Кейінірек қарайымдар үш негізгі топқа бөлініп кетеді. 1-топ Қырымда қалады. 2-топ Галицияға қарай қоныс аударады. Ол жер қазіргі Украина аймағы болып саналады. Ал үшінші ең үлкен топ 14 ғасырда қазіргі Литваның Тракай деген ауданына қарай көшеді. 17 ғасырдың аяқ шенінде Шығыс-орталық Еуропада 30-дан астам қарайым қауымдастығы болған. Бірақ одан кейін бір ғасыр өтер-өтпестен эпидемиялық аурулар, қантөгісті соғыстар кесірінен олардың саны күрт азаяды. Соған қарамастан олар өздері өмір сүретін елдерде діни қауымдастық мәртебесіне ие болып келген.
Литва Ұлттық зерттеу орталығының 1992 жылғы деректеріне қарағанда, Литвадағы қарайымдар байырғы тұрғындар ретінде шағын ұлт мәртебесіне ие болған.
Иудаизмнің қараизм тармағына жататын қарайымдар Библияны негізгі діни кітап санайды. Олардың ғибадат ететін жері кенеса деп аталады. Литва астанасы Вильнюста және Тракай қаласында екі кенеса бар. 19 ғасырдан бастап зиялы қауым алдын алмаса, қарайым әдеби тіліне қауіп төнетінін ескертіп, қарайым тілінде кітаптар, газет-журналдар шығаруды қолға алады. Ол кезде жарық көрген сөздіктерде халық ауыз әдебиеті үлгілері – мақал-мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер көп қамтылғанымен, терминдер, ғылым, техника және философияға қатысты атаулар мүлдем дерлік кездеспеген.
20 ғасырға дейін қарайым әдебиетінде еврей тілі негізіндегі таңбалар пайдаланылған. Бірақ кейінірек қарайымдар қай елде өмір сүрсе солардың әліпбиін қолданған. Олардың Балтық бойында қоныстанған бір тобы 1990 жылдан бері литвандардың жазу жүйесіне көшкен.
-
Қарайымдар
-
Қарайымдар неше топтан тұрады?
-
Қарайымдардың діні
-
Қарайымдардың ғибадат ететін орны
-
Қарайымдардың ең үлкен тобы мекен ететін жер
-
Қандай мемлекет тұсында қарайымдар Қырымда тайпалық одақ ретінде өмір сүрген?