Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

16-мәтін

Конспект

Қазақ даласын отарлаушылар қазақ пен жылқының рухани-тұрмыстық және жауынгерлік байланысын жақсы білген. Мысалы, Сібір шебінің әскери бастығы генерал-майор Веймарн Сыртқы істер коллегиясына жолдаған құпия баяндамасында «Қазақты тыныштандырып жуасыту үшін қуат қоры – жылқысынан айыру керек» десе, ХХ ғасырдың басында Зайсан өңірінде қызметте болған казак атаманы Рябушкин «Қазақ атқа мінсе ерленіп кетеді, ешкімге бағынбайды. Бұларды бағынышты ұстау үшін жылқыдан айыру керек» деген. Бұл үрдіс 1930 жылдары Қазақстанды басқаруға келген Голощекиннің тұсында іске асып, қазақ даласында шұрқырып жатқан 5-6 миллион тұяқтыдан 1940 жылдың басында 1 миллионға жетер-жетпес жылқы қалыпты. Бұлардың 30 пайызын ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғанда зеңбірек сүйретуге майданға аттандырған. Осылай қазақтың жылқы түлігіне зауал төнген заман да өтті. Бірақ жылқы мен қазақтың рухани-тұрмыстық байланысы әлі үзілген жоқ. Өткен тарихқа көз жіберсек, үлкен ас-тойларда ұзақ қашықтыққа жүйріктер жіберіліп, бәйге дәстүрі үнемі жаңғырып отырған. Мысалы, 1886 жылы Ереймен өңірінде өткен Сағынайдың асындағы бәйгеге 1300 жүйрік қосылған. Бұларды Қызқашқанның етегінен жіберіп, Жыланды өзекті өрлете шаптырып, Қусақ көлін айналдырып ұстаған. Бұл қашықтық шамамен 50 шақырымды құраса, 1897 жылы Торғай өңірінде өткен Бектас байдың асында ат бәйгесіне 400 жүйрік қосылып, оларды Әзірбай қопадан 55 шақырым жердегі Сорбұлақтан жіберген. Төлек Өсердің қара аты бірінші келіп, бәйгесіне 100 жылқы алған. Мұндай 50-55 шақырымдық қашықтыққа тек қазақы тұқымдас жылқы ғана шыдас береді. Соңғы жылдары Ұлттық спорт қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылып отырған «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі жоғарыдағы дәстүрді жаңғырту екені сөзсіз. Қатарынан үш жыл өткізілген «Алтын тұлпар» бәйгесін тек жүйріктерді таңдау ғана емес, қазақы атбегілік өнердің де қайта жаңғыруы деп түсінген жөн.

https://egemen.kz/article/156999-bayge-zhane-onynh-turleri



Сұрақтар
  1. Қазақ үшін басты орында

  2. 1930 жылдардағы Қазақстандағы жылқы саны

  3. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде жылқыларды майданға не үшін алды?

  4. Сағынайдың асындағы бәйгеге қанша жүйрік қатысты?

  5. «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің мақсаты

  6. Мәтін тақырыбы төменде берілген бөлімдердің қайсысына жатады?

Қате туралы хабарландыру