Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

15-мәтін

Конспект

«Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен ХХ ғасыр қазақ үшін ерекше қасіретті кезең болды. Алатопалаң заманда атамекенінде аңыраған қазақтың зарлы оқиғасына қанықпыз Ал Алтайдан арғы бетіндегі ағайынның сол зобалаң таққан азабын енді ғана естіп-біліп жатырмыз. Ереулі атқа ер салдырған, сол кезде атақоныс үшін арпаласқан ерлер де аз болмапты. Солардың бірі де бірегейі – Оспан батыр. Оспан батырдың өмірін әбден зерттеген жазушы Жәди Шәкенұлы Оспанның батырлығы, ерлігі туралы былай дейді: «Оспан батыр – қазақтың ұлт-азаттығы үшін күрескен үлкен тұлға. Оның тұлғалық дәуірінде Совет одағы, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия, Қытай сияқты көптеген ел тұрғындарының мүддесіне тіке және жанама түрде араласқан. Сол елдердің басшылары Оспанмен тікелей санасқан. Демек ол жай ғана батыр емес. Сонша елді дүрліктіріп халықаралық деңгейге үлкен мәселе тудыруы Оспанның өті күрделі тұлға екенін көрсетеді». Өмірін қайшылықсыз өткізген батыр болған ба? Оспан өміріне үңілген жан оның бір ғана мақсаты болғанын аңғарар еді. Ол – атақоныс үшін күрес. Оған Алтайға көз алартқанның бәрі – жау. Қасиетті жер үшін қытаймен де қырқысты, моңғолмен де тіресті, советпен де сіресті, керек жерде тіл де табыса білді. «Мен қазақ үшін сайтанмен де тіл табысуға әзірмін» (Оспан батыр). Тағдыр талайымен әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақтардың жат-жұрттық болуының да тарихи себептері бар. ХІХ ғасырдың соңғы жартысында патшалық Ресей мен Қытайдың Цин империясы қазақ даласын бөліске салып, шегара сызды. Сол дәуірден бастап тарихта «Қытай қазағы» мен «Ресей қазағы» деген ұғым пайда болды. Әлем картасына «жаңа шегара» Шин Жиаң (яғни Шыңжаң) өлкесі дейтін аймақ болып енді. Шыңжаңды қырқыншы жылдары дара билеген қанқұйлы Шың-Шисай үкіметі темір тегеурінін қазақтарға батыра түсті. Дәл осы жылдары Оспан батырдың атағы алысқа жайылып бастады. Ол күресін бастаған кезде әлем астаң-кестең болып жатқан. ІІ Дүниежүзілік соғыстың оты өшіп, коммунистік қытайлар мен Гоминьдан үкіметі өзара қырқысып, Қытаймен көрші Моңғолия мен Совет Одағына түрлі қауіп төніп келе жатты.

https://e-history.kz/kz/publications/view/4730



Сұрақтар
  1. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» тіркесінің мағынасы қандай?

  2. Оспан батырдың өмірін зерттеген зерттеуші-жазушы

  3. Оспан батырдың жауы

  4. Шыңжаңды қырқыншы жылдары билеген үкімет

  5. Оспан батыр күресін бастаған уақыт

  6. Оспан батырдың туған жері

Қате туралы хабарландыру