
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
14-мәтін
Жиырма бір жыл бұрын, 1997 жылы 20 қазанда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы астанасы ресми түрде Алматы қаласынан Ақмолаға көшірілді. Бұл ұлы көш қазақ тарихында маңызды датамен сақталды. Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Осыдан кейін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру, әрі қаланың инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1997 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) «Ақмола» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына септігін тигізді. ҚР Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды. Қазақстан астанасын Алматыдан Астанаға ауыстыру (10 желтоқсан 1997 ж.) – Қазақстан астанасын ауыстыру есебі бойынша үшінші қала ретінде тарих бетіне қатталды. Бұрынғыға қарағанда аталған ауысу республиканың өз билігінің бастамасымен ауыстырылды. Ол сондай-ақ Совет өкіметі кеңістігіндегі мемлекеттердің ішінде мемлекет астанасын ауыстырған алғашқы және жалғыз мемлекет болып, елдегі әлеуметтік-экономикалық өмірге маңызды әсерін тигізді. Өткен тарихқа көз жүгіртсек, Астананы Ақмолаға көшіру идеясы бұрын да көтерілген. Алаш арысы Әлихан Бөкейхан «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласында «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген.
https://e-history.kz/kz/publications/view/akmolaga_auiskan_kun__4737
-
«Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойылған күн
-
Қазақстан Республикасы астанасы ресми түрде Алматы қаласынан Ақмолаға көшкен күн
-
Жарлық шыққаннан кейінгі ең бірінші жұмыс
-
Алаш арыстарының ішінде астананы көшіру туралы мәселе көтерген кім?
-
«Григорий Николаевич Потанин» мақаласының авторы
-
Қазақстан астанасын ауыстыру есебі бойынша Астана нешінші қала?